Бас менеджер - бағыт жетекшісі (Алматы) "Қазпочта" АҚ филиалының кедендік сүйемелдеу бөлімі "Qazpost Cargo"
«Қазпошта» АҚ Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Жүк тасымалын кедендік транзит режимінде ұйымдастыру және бақылау
Кедендік транзит режимінде жүк тасымалының барлық кезеңдерін тиімді жоспарлау, үйлестіру және бақылауды қамтамасыз ету, белгіленген процедуралар мен талаптардың сақталуын қамтамасыз ету. Жүктердің уақытында және қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз ету үшін командаға жетекшілік ету, кідірістер мен бұзушылықтар тәуекелдерін азайту.
2. Кедендік заңнама нормаларына сәйкес транзиттік декларацияларды бақылау және сүйемелдеу
Қолданыстағы нормативтік актілерге сәйкес транзиттік декларацияларды дайындау, тексеру және уақытында ресімдеуді қамтамасыз ету. Жеткізу мерзімдерінің сақталуын, сондай-ақ құжаттардың дұрыс толтырылуын бақылау, ықтимал бұзушылықтар мен айыппұл санкцияларын болдырмау.
3. Кеден органдарымен өзара әрекеттесу
Кеден қызметтерімен тұрақты және конструктивті өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету, туындайтын мәселелерді жедел шешу, түсініктемелер мен келісімдер алу. Кедендік рәсімдер кезінде компанияның мүдделерін қорғау және мемлекеттік органдармен келіссөздер жүргізу.
4. Аналитика және есептілік
Кедендік рәсімдеу және тасымалдар мәселелері бойынша аналитикалық жұмыстар жүргізу, жоспарлардың орындалуы, анықталған тәуекелдер мен процестерді жақсарту туралы басшылыққа тұрақты есептер қалыптастыру. Бөлімнің жұмыс тиімділігін арттыру үшін аналитикалық құралдарды пайдалану.
5. Кедендік реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу
Нормативтік базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге белсенді қатысу, қазіргі заңнамаға сәйкес ішкі регламенттер мен процедураларды әзірлеу. Заңнамалық талаптарға компания қызметінің сәйкестігін арттыру үшін профильді органдармен өзара әрекеттесу.
Талаптар:
- Салалық жоғары білім: кеден ісі және/немесе қаржы және/немесе менеджмент және/немесе экономика және/немесе маркетинг және/немесе құқық және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе ақпараттық технологиялар және/немесе халықаралық қатынастар және/немесе техникалық ғылымдар мен технологиялар.
- Пошта саласында және/немесе кеден саласында және/немесе банк, сақтандыру және/немесе қаржы және/немесе экономика және/немесе маркетинг және/немесе құқық және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе ақпараттық технологиялар және/немесе халықаралық қатынастар және/немесе мемлекеттік кірістер органдарында жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл және/немесе «Қазпочта» АҚ-да төменгі лауазымда кемінде 1 жыл.
Шарттар:
- Бес күндік жұмыс аптасы, демалыс күндері – сенбі және жексенбі, күнделікті жұмыс уақыты (жұмыс күні, ауысым) 8 (сегіз) сағат, дүйсенбіден жұмаға дейін 9-00-ден 18-00-ге дейін, демалыс және тамақ ішу уақыты 13-00-ден 14-00-ге дейін
- Алматы қаласы