Өндірістік-техникалық бөлімінің инженері
«СКЗ-U» ЖШС Жаңақорған а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
16.01.2026
- Берілген өтінім:
- 9
- Қаралған саны:
- 236
Лауазымдық жауапкершілік:
Өндірістік-техникалық бөлімінің инженері міндетті: Тікелей басшының, Бас директордың, сондай-ақ қажет болған жағдайда жедел, өндірістік және өзге де кеңестер барысында берілген тапсырмалар мен жекелеген тапсырмаларды уақтылы орындау; Өз құзыреті шегінде жұмыс берушінің актілерін, Компанияда бекітілген барлық саясаттарды, ережелерді, нұсқаулықтарды және өзге де құжаттарды жеке өзі сақтауды қамтамасыз ету; Цехтарда технологиялық тәртіптің сақталуын және технологиялық жабдықтарды пайдалану қағидаларының орындалуын бақылау; Өндіріс технологиясы саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибені зерделеу, материалдар шығынын азайтуға, еңбек сыйымдылығын төмендетуге және еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған өндіріс тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыруға қатысу; Ақаулардың және сапасы төмен өнім шығарудың себептерін талдау, олардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге, сондай-ақ Компания өнімдеріне келіп түскен рекламацияларды қарауға қатысу; Өнімді техникалық бақылау және сынау әдістерін әзірлеу; Патенттік және лицензиялық паспорттарды, өнертабыстар мен өнеркәсіптік үлгілерге өтінімдерді әзірлеуге қатысу; Техникалық негізделген уақыт нормаларын (өндіру нормаларын), желілік және желілік-кестелік графиктерді әзірлеуге қатысу, бұйым конструкцияларын технологиялық жағынан пысықтау, материалдық шығындардың нормативтерін (шикізат, жартылай фабрикаттар, материалдар, құрал-саймандар, технологиялық отын, энергия шығыны нормалары) есептеу, жобаланатын технологиялық процестердің экономикалық тиімділігін анықтау; Өндірісте негізгі және қосалқы материалдардың қозғалысын талдау, стандартты материалдарға өтінімдер жасау, шикізат пен материалдардың тапсырыс бойынша шығынын есепке алу, олардың артық шығыны немесе үнемделуі туралы басшылықты хабардар ету; Технологиялық нормативтерді, нұсқаулықтарды, маршруттық карталарды, өнім сапасы карталарын және өзге де технологиялық құжаттаманы әзірлеу, технологиялық процестер мен өндіріс режимдері өзгерген жағдайда техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізу; Әзірленген құжаттаманы Компания бөлімшелерімен келісу; Белгіленген шығын нормалары негізінде өнім өндіруге қажетті шикізат пен материалдар көлемін есептеу.Білім:
Жоғары техникалық білімДағдылар:
Білімдері: Компанияның өндірістік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметін реттейтін заңнамалық, нормативтік және құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқаулықтарды (оның ішінде әдістемелік), сондай-ақ экономиканың және тиісті саланың даму басым бағыттарын айқындайтын жоғары тұрған, өңірлік және жергілікті мемлекеттік басқару және билік органдарының қаулыларын білу; Компания қызметіне қатысты өзге органдардың ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттары мен нормативтік материалдарын білу; Компанияның бейіні, мамандануы және ұйымдық құрылымының ерекшеліктерін білу; Саланың және Компанияның техникалық, экономикалық және әлеуметтік даму перспективаларын білу; Экологиялық заңнаманың негіздерін білу; Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормаларын білу; СТ РК ИСО 9001, СТ РК ИСО 14001, СТ РК ИСО 45001 және СТ РК ИСО 50001 талаптарына сәйкес интеграцияланған менеджмент жүйесінің ережелерін білу.Қосымша:
-Білетін тілдер:
Қазақ тілі, орыс тіліҰқсас вакансиялар
ВАХТА ЕМЕС_Уран өндірісі азот-сутегі-оттегі станциясының 4-разрядты ауа бөлу аппаратшысы (06.03.2026 № 46-06-21/1669 - 1 бірлік), Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
12.03.2026 | 18
MES менеджері
«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
12.03.2026 | 359
НЕ ВАХТА_Уран өндірісі азот-сутегі-оттегі станциясының энергетигі (17.11.2025 № 46-06-21/7592 -1 бірлік), Өскемен қ.
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Өскемен қ.
12.03.2026 | 890