ЖШС «ҚТЖ-Жүк тасымалы»-«Ақтөбе» филиалы Бершогыр стансасының тауар кассирі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
-
Жөнелтілетін жүктерге арналған тасымалдау құжаттарын қабылдау, тексеру, ресімдеу және оларды тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі операторға (тізімдемешіге) қол қойғызып тапсыру;
-
Келіп түскен жүктерді беруді ресімдеу, келіп түскен жүктерге қатысты құжаттарды таксировкалаудың дұрыстығын тексеру;
-
Тиесілі төлемдер мен алымдарды есептеу;
-
Жүктерді тасымалдау үшін есеп айырысулар жүргізу;
-
Жүктерді қайта бағыттауды ресімдеу;
-
Жөнелтілетін жүктерге арналған тасымалдау құжаттарын таксировкалау және әрбір құжат бойынша провоз ақысы мен қызмет алымдарының сомаларын есепке алу;
-
Барлық құжаттардың, ақша қаражатының, бланкілердің, есептік бланкілердің, конвенциялық мөртаңбалардың, жүк кассасының мүлкінің сақталуын қадағалау;
-
Шетел валюта курсының өзгеруін бақылау;
-
АСУДКР бойынша ақпаратты енгізу және тасымалдауды қамтамасыз ету, ал мүмкін болмаған жағдайда бөлім бастығының және оның орынбасарларының нұсқауы бойынша АРМАГКР арқылы вагондар мен контейнерлерді тиеу туралы;
-
АСУДКР бойынша ақпаратты толық және дәл жеткізу, ал мүмкін болмаған жағдайда бөлім бастығы мен оның орынбасарларының нұсқауымен АРМ АГКР бойынша 251, 253 хабарламаларды жіберу, қателіктерді уақтылы анықтау және түзету;
-
Фискалдық жадысы бар бақылау‑касса машинасы арқылы өткізілген қолма‑қол ақшаны есепке алу кітабын жүргізу;
-
Салық счет‑фактураларын жүргізу;
-
ТехПД‑ға жүк тасымалдау құжаттарын, вагондарды беру және алу ведомостісін, жинақ картасын және жалпы нысандағы актілерді таксировкалау және тиесілі төлемдерді өндіріп алу үшін уақтылы жіберу;
-
Қабылдау, тиеу, түсіру кезіндегі жүктер мен вагондар туралы белгіленген есептілік пен барлық қарастырылған құжаттарды ресімдеу;
-
Салық счет‑фактуралары, ГУ‑57, ФО‑7, ФО‑8 есептерін, ГУ‑58 касса кітабын, ГУ‑3 бойынша вагондарды нөмірлік есепке алуды жүргізу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж