«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС "Отын ресурстық орталығы" филиалының Мангистау қоймасының мұнай өнімдерін таратушы (жанармай құюшы)

от 320177
«ҚТЖ-Жук тасымалдары» ЖШС-нің - «Отын ресурстық орталығы» филиалы Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
126

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Мұнай өнімдерін және сүрту материалдарын қабылдау, сақтау, есепке алу және беру бойынша бекітілген тәртіпке сәйкес қызмет көрсетеді;
  • Жауапты материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді;
  • Складының аумағы мен үй-жайларын, локомотивтерді жабдықтау пунктінің аумағын таза ұстайды, операторлыққа бөгде адамдардың кіруіне жол бермейді;
  • Еңбек қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
  • Локомотивтерге, дрезиналарға, автокөліктерге, тракторлық техникаға жанар-жағармай материалдарын жеткізеді, ыдыстарға шығару кезінде жабдықтар мен құралдарды пайдаланады;
  • Локомотивтерді жабдықтау кезінде мұнай өнімдерінің шығынын есепке алады, қажетті құжаттарды рәсімдейді;
  • Жұмыс ауысымы кезінде жанар-жағармай материалдарының тығыздығын анықтау үшін отын тарату колонкаларынан (ОТК) сынамалар алу процесіне қатысады, зертханашының қорытындысын алады;
  • Жұмыс ауысымы кезінде шығарылған жанар-жағармай көлемін бақылап, есепке алады;
  • Жанар-жағармай материалдарының көлемдік көрсеткіштерін олардың тығыздығына сәйкес салмақтық көрсеткіштерге айналдырады, бұл көрсеткіштер аккредиттелген зертхана арқылы анықталады;
  • ОТК, өлшеу құралдары мен пломбаларды визуалды тексереді, ақау немесе пломбалардың бүлінуі жағдайында ТС басшылығын хабардар етеді;
  • Ауысым қабылдаған кезде отын тарату колонкаларының көрсеткіштерін отын беру журналындағы деректермен салыстырады;
  • ТС жұмысын үздіксіз қамтамасыз етуге байланысты ТС учаскесінің бастығы/шебері берген басқа тапсырмаларды орындайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта (техникалық және кәсіптік). 
  • Мамандығы: техникалық және / немесе теміржол.
  • Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптарсыз.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру