Астана филиалы Степногорск бөлімшесінің үйлестірушісі

«Qorǵan-Security» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
265

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

-Объектілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің, ішкі бұйрықтардың, нұсқаулықтар мен өкімдердің орындалуын бақылау; - Күзетілетін объектілердегі барлық оқиғалар туралы филиал/серіктестік басшылығына және Тапсырыс берушіге баяндау; - Күзет филиалының қызметіне қатысты нұсқаулықтарды, ережелерді және басқа да басшылық құжаттарды әзірлеу, жетілдіру және қолданысқа енгізу; - Жеке құрамның арнайы және дене дайындығы бойынша жоспарлар әзірлеу, персоналды оқытуға қатысу; - Күзеттің жеке құрамымен тәрбие-профилактикалық жұмысты, оқытуды ұйымдастыру және жүргізу; Қызметтік борышын орындау үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру; -Қызметтік құжаттаманың дұрыс жүргізілуін бақылауды жүзеге асыру; - Күзет жасағы жеке құрамының қызмет өткеруін күн сайын ішінара тексеру, бекеттегі күзет жасақшыларының қызмет өткеруіне жасырын түнгі тексерулер жүргізу; -Күзетілетін объектілердегі жағдайды ұдайы зерделеу, ал қажет болған жағдайларда филиал мен Тапсырыс берушінің басшылығына объектілерді күзетуді өзінің иелігіндегі күштер және құралдармен күшейту туралы ұсыныспен шығу; - Күзет іс-қимылдары барысында алынған деректерді жинау, өңдеу және олардың негізінде Серіктестік басшылығы үшін апта сайынғы ақпараттық анықтамалар мен есептер жасау; -Күзет бөлімшесі объектілерінің күзет персоналы тарапынан ішкі бақылауды жүргізу, сондай-ақ күзетілетін аумақта ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ жөніндегі талаптарды, оның ішінде Тапсырыс берушінің объектілерінде белгіленген қауіпсіздік техникасы, Еңбек және қоршаған ортаны қорғау (оның ішінде жылдамдық режимі) жөніндегі қағидаларды, рәсімдерді, нұсқаулықтарды, өрт, радиологиялық және экологиялық қауіпсіздікті және Тапсырыс берушінің кәсіпорнында қолданылатын өзге де қағидаларды және бұйрықтарды жеке өзі орындау; - Күзетшілердің кезекші ауысымдарының қайта ауысуын жүргізуді жеке өзі бақылау; - Күзет жасағының одан арғы жұмысындағы қызметін жақсарту мақсатында оның жұмысын үнемі талдау; -Күзет жасағының қызметкерлерін қажетті тауар-материалдық құндылықтармен (кеңсе тауарлары, киім-кешек, арнайы құралдар және т. б.) қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізу; - Тоқсан сайын филиалдың жұмыс есебін дайындап, есепті айдан кейінгі айдың 5-күніне дейін жіберу; - Күзеттің есеп беретін бөлімшелерінің ай сайынғы жұмыс кестелері мен жұмыс уақытын есепке алу табельдерін тексеру: - Күзетшілердің мамандандырылған оқу орталықтарында қайта даярлаудан өтуін және тиісті сертификаттарын алуын бақылау (қайта даярлау - күзетшілердің біліктілігін арттыру жылына 1 рет жүргізіледі); - Қызметтік қаруды алып жүруге рұқсат алу үшін материалдарды жинау мен жолдауды уақтылы жүзеге асыру (мемлекеттік бажды төлеуге қызметтік жазбаларды жолдау, материалдарды ҚР ІІМ ЖРЖ-ға жолдау және қаруға рұқсат алу); - Арнайы құралдарды, қару мен оның патрондарын қызметтік мақсаттарда сақтауды, есепке алуды және пайдалануды бақылауды жүзеге асыру; -Персоналдың күзет қызметін өткеруіне, күзеттің техникалық құралдарының, өрт құрал-жабдықтарының дұрыс пайдаланылуына және қызметтік құжаттаманың жүргізілуіне жалпы бақылауды жүзеге асыру; -Тапсырыс берушілер алдындағы шарттық міндеттемелердің толық көлемде орындалуын бақылау. -Кезекшілікке түсер алдында күзет персоналына нұсқама жүргізеді. - Басшылықтың тапсырмасы бойынша ішкі тергеулерге қатысады. - Материалдық жауапты тұлға болып табылады және өзіне сеніп тапсырылған жұмыс берушінің мүлкін және АКТ бойынша қорғауға алынған Тапсырыс берушінің мүлкін сақтауға материалдық жауапты болады.

Білім:

Жоғары

Дағдылар:

Тәулік бойы жұмыс режимі бар бөлімшелерде жеке құраммен жұмыс істеу және қызмет көрсету дағдылары; Күзет қызметін ұйымдастыру жөніндегі құжаттармен жұмыс істеу дағдылары, мемлекеттік және орыс тілдерінде іскерлік хат алмасуды жүргізу қағидалары, Microsoft office, Microsoft Outlook ақпараттық жүйелерімен жұмыс істеудің сенімді дағдылары; Жұмыс уақытын есепке алу табельдерін толтыру дағдылары.

Қосымша:

Қажет болған жағдайда жыл сайынғы қайта даярлаудан (күзетшінің біліктілігін арттырудан)өткені туралы куәлікті қоса бере отырып, жеке күзетшінің куәлігі; Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі курстарды аяқтағаны туралы куәлік; Жүргізуші куәлігі және көлік жүргізу тәжірибесі бар.

Білетін тілдер:

Мемлекеттік, орыс