«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Жаңақорған стансасының теміржол стансасы бойынша кезекшісі

от 267935
Кызылординское отделение магистральной сети Қызылорда облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
8

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1.
Кезекшілікті қабылдау кезінде станциядағы жағдаймен және функционалдық міндеттерді орындауға байланысты тапсырмалармен, бұйрықтармен, нұсқаулармен танысады. СЦБ және байланыс құрылғыларын басқару аспаптарының жарамдылығына, олардың тізімге сәйкес пломбаларының болуына көз жеткізеді, пойыздық және техникалық құжаттамадағы жазбалармен танысады.
Кезекшілікті Е-телеграм жүйесі арқылы қабылдайды.
Кезек сайын
Ауысымның басы
2.
Станция ауысымының бүкіл жұмысына жедел басшылықты қамтамасыз етеді және пойыздарды өткізу мен өңдеуге байланысты станция жұмысына қатысатын басқа қызметтердің қызметкерлерінің іс-әрекеттерін үйлестіреді.
Кезек сайын
Ауысым барысында
3.
Түркістан – Шиелі іргелес учаскелерінің диспетчерлерімен пойыз қозғалысы бойынша келіссөздер жүргізеді.
Кезек сайын
Ауысым барысында
4.
ДУ-46 нысанындағы журналдағы жазбаларға сәйкес жол дистанциясы, СЦБ және байланыс, сондай-ақ басқа қызметтер қызметкерлеріне технологиялық «терезелерді» жүргізу үшін уақыт береді.
Кезек сайын
Ауысым барысында
5.
Маневрлік немесе пойыздық бағдаршамдар істен шыққан немесе ашу мүмкін болмаған жағдайда, машиниске тыйым салушы сигналды өтуге рұқсат береді. Маневрлік қозғалыстар кезінде және тыйым салушы көрсеткіш бойынша өту кезінде бұйрықпен пайдаланылмаған маршрутқа шығуға рұқсат береді, маршрутты дайындайды, стрелкалық аударымдарды тиісті қалыпқа келтіреді және жұмыс жоспарына сәйкес қызыл қалпақшаларды іледі.
Факті бойынша
Ауысым барысында
6.
Станцияның ТРА-на сәйкес пойыздарды кедергісіз қабылдау мен жөнелтуді, пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Кезек сайын
Ауысым барысында
7.
Пойыздық құжаттаманы жүргізеді: жолдар мен стрелкалық аударымдарды, СЦБ және байланыс құрылғыларын тексеру журналы (ф. ДУ-46), ескертулер кітабы (ДУ-60), пойыздық телефонограммалар журналы (ф. ДУ-47), пойыз құрамын және жеке вагон топтарын техникалық байқауға ұсыну кітабы (ф. ВУ-14) және басқа да құжаттар.
Кезек сайын
Ауысым барысында
8.
ДНЦ-дан путеөлшегіш, дефектоскопиялық вагондар өткеннен кейін пойыздарға ескертулер беру туралы бұйрық түскен кезде, ДУ-60 нысанындағы журналға жазба енгізеді. Жол дистанциясы қызметкерлерінен ескертуді растауды талап етеді.
Кезек сайын
Ауысым барысында
9.
Пойыз жөнелтілер алдында құрастырушыдан тежеуіш башмактарының жоқтығына көз жеткізеді.
Кезек сайын
Ауысым барысында
10.
Пойыздарды қабылдау, жөнелту және маневрлік қозғалыстарға қатысты локомотив машинистерімен келіссөздер жүргізеді.
Кезек сайын
Ауысым барысында
11.
Станциядағы локомотив бригадаларының жұмыс режимінің бұзылуына жауапты болады.
Кезек сайын
Ауысым барысында
12.
Құрам келгеннен немесе қайта орналастырылып, тежеуіш башмактарымен бекітілгеннен кейін, пойыз құрастырушысының келісімімен пульттегі «Қоршауға келісім» батырмасын басады, содан кейін құрамды ВУ-14 кітабында техникалық байқауға ұсынады.
Кезек сайын
Ауысым барысында
13.
ВУ-14 нысанындағы кітапты жүргізеді: пойыз нөмірін, күнін, вагондар санын және нөмірлерін, СДПМ, путеөлшегіш вагондарды, қалпына келтіру, жүк және жолаушы пойыздарын, өрт пойыздарын және дрезинамен немесе басқа тартқыш жылжымалы құраммен жөнелтілетін вагондарды тіркейді; техникалық байқауға ұсыну уақытын белгілейді, вагон қараушының баяндамасы бойынша дайындықты алады және оның қолын қояды (дайындық берілгеннен кейін 2 сағаттан кешіктірмей). Құрамның техникалық дайын екендігі туралы хабарлама алған кезде ВУ-14 кітабының 9-бағанына уақытты қояды. Тасымалдау құжаттарын өңдеу операторынан (списчик) соңғы вагон нөмірі және соңғы вагонда қоршау сигналының бар-жоғы туралы мәлімет алады.
Кезек сайын
Ауысым барысында
14.
Станциядан дрезина, мотовоз, алынбайтын мотор-рельсті көлік жөнелтілер алдында жүргізушіден (машинистен): басқару құқығына куәлігін, тиісті учаскеге шығуға локомотив депосының қорытындысын, станция мен учаскенің ТРА-мен танысқанын, рейс алдындағы медициналық тексеруден өткенін, ПТЭ және нұсқаулар бойынша сынақтарды тапсырғанын, жылдық бақылау-техникалық тексеру актісін, радиостанцияның жарамдылығын және маршруттық парақтағы жұмысқа келу уақытын тексереді. Радиостанцияның жарамдылығын тексеріп, барлық құжаттардың бар-жоғы туралы арнайы кітапқа жазба жүргізеді.
Кезек сайын
Ауысым барысында
15.
Қажет болған жағдайда перегонды иелену құқығына арналған рұқсат бланкілерін (ф. ДУ-50, ДУ-54, ДУ-64), сондай-ақ негізгі байланыс құралдары істен шыққанда жазбаша хабарламаларды толтырады.
Кезек сайын
Ауысым барысында
16.
Маршрутты оқшаулау мүмкін болмаған жағдайда, пойыздарды қабылдау, жөнелту және өткізу алдындағы маневрлік жұмыстарды жоспарланған уақыттан 10 минут бұрын тоқтатады.
Кезек сайын
Ауысым барысында
17.
Жолаушы пойыздарын қабылдау және жөнелту туралы вокзал қызметкерлерін хабардар етеді.
Факті бойынша
Ауысым барысында
18.
Жайылма разъезінің ДСП-мен және Жетітөбе станциясының ДСП-мен пойыздық телефонограммалар алмасуды селектор арқылы жүзеге асырады.
Кезек сайын
Ауысым барысында
19.
Жолдар немесе стрелкалар бойынша жылдамдықты шектеу ескертулері болған жағдайда, радиобайланыс арқылы маневрлік локомотив машинистерін ескертеді және оларды пост ЭЦ маңындағы жолға бағыттап, оператордан ескерту алуды қамтамасыз етеді.
Кезек сайын
Ауысым барысында
20.
Қозғалмалы құрамды бекіту үшін пойыз құрастырушыға ТРА станциясының 3.10.1-тармағына сәйкес қажетті тежеуіш башмактарының санын көрсете отырып нұсқау береді. Локомотивті ағытуға тек бекітудің белгіленген нормаларға сәйкес орындалғаны туралы баяндамадан кейін ғана рұқсат етеді.
Кезек сайын
Ауысым барысында
21.
Жүк фронттарында вагондарды уақытылы беру, орналастыру және жинауды қамтамасыз етеді.
Кезек сайын
Ауысым барысында
22.
Пойыздарды қалыптастыру жоспарына сәйкес орташа салмақ пен ұзындықтың орындалуын бақылайды.
Кезек сайын
Ауысым барысында
23.
Тепловозсыз қалдырылған құрамдар мен вагондардың тежеуіш башмактарымен дұрыс бекітілуін бақылап, олардың нөмірлерін ауысымдық жоспар-кестеде белгілейді.
Кезек сайын
Ауысым барысында
24.
Дрезиналарды тіркеу журналын жүргізеді, магистральдық желіге шығу кезінде құжаттарды нормативтік-техникалық талаптарға сәйкес тексереді.
Кезек сайын
Ауысым барысында
25.
Қауіпсіздікке қатер төндіретін немесе стандарттан тыс жағдайлар туындаған кезде ДНЦ-ны, станция бастығын және басқа да қатысы бар қызметтерді дереу хабардар етеді және жедел шаралар қабылдайды.
Кезек сайын
Ауысым барысында
26.
Барлық жолаушы және жүк пойыздарына (жұп және тақ бағытта) ДУ-61 нысанындағы ескерту бланкілерінің берілуін бақылайды.
Кезек сайын
Ауысым барысында
27.
Қалыптан тыс жағдайларда және пойыз қозғалысы мүмкін болмаған кезде кедергілер жойылғаны туралы хабар алғанға дейін қозғалысты тоқтатады, жолды жабу туралы бұйрықты күтпестен, көрші станция ДСП-сіне перегонға пойыз жіберуге тыйым салу туралы нұсқау береді.
Факті бойынша
Дереу
28.
Пойызды қабылдау, жөнелту және маневрлік қозғалыстар кезінде парктік дауысзорайтқыш байланыс арқылы қатысушы қызметкерлерді хабардар етеді.
Кезек сайын
Ауысым барысында
29.
Жүк пен материалдық құндылықтарды ұрлау немесе күдікті тұлғалар анықталған жағдайда тікелей басшысына дереу хабарлайды.
Факті бойынша
Дереу
30.
Еңбек қауіпсіздігі, өрт, экологиялық, электр қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын қатаң сақтайды.
Кезек сайын
Ауысым барысында
31.
Дежурныйларға ф. ДУ-50, ДУ-54, ДУ-64 нысандарындағы қосарланған рұқсаттарды және машинистерге жазбаша хабарламаларды береді.
Кезек сайын
Ауысым барысында
32.
Пойыз қозғалысы мен маневрлік жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар іс-шараларының орындалуын бақылайды.
Кезек сайын
Ауысым барысында
33.
Пойыз қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерінің жауапты тұлғаларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Кезек сайын
Ауысым барысында
34.
Темір жол нысандарында немесе құрамдар маңында ұрлыққа байланысты заңсыз әрекеттер анықталған жағдайда ДНЦ-ға хабарлап, ЛОП және ВЖДО қызметкерлеріне мәлімет береді.
Факті бойынша
Дереу
35.
Комиссиялық айлық тексеріс барысында анықталған және ЭЦ постындағы журналда тіркелген ақаулардың уақытылы жойылуын бақылайды.
Кезек сайын
Ауысым барысында
36.
Жеке қауіпсіздік пен еңбек қорғау талаптарын орындайды, ішкі бақылаудың 1-сатысын жүргізеді, еңбек қауіпсіздігі журналын толтырады.
Кезек сайын
Ауысым барысында
37.
Пойыздар, вагондар, контейнерлер, локомотивтер және басқа жылжымалы бірліктер туралы ақпараттың ақпараттық жүйелерге уақытылы, толық және дұрыс берілуін бақылайды.
– Басқа мемлекеттерге тиесілі вагондардың филиал шегінде болуын және олардың уақытылы тапсырылуын бақылайды.
– Автоматтандырылған жүйелердің, техникалық құралдардың, бағдарламалық қамтамасыз етудің және байланыс арналарының тұрақты жұмысын талдайды.
– АСОУП, АСУ СТ, АСУ ДКР, ГИД «Урал» жүйелеріне ақпараттың толық, уақтылы және дұрыс енгізілуін бақылайды.
– 26.02.2021 ж. №25-Ц бұйрығына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
38.
«Адам жолда» ақпараттық жүйесінің жұмысын ұйымдастырады және оның тұрақты орындалуын бақылауды жүзеге асырады.
39.
Айына 2 рет техникалық сабақтарға қатысады.
Жоспарға сәйкес
Кесте бойынша

Біліктілік талаптары:

1. Білімі, біліктілігі және білімі
Білімі:
Міндетті: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе орта (техникалық және кәсіптік).
Білімі (білім деңгейі):
Міндетті: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ қызмет бағыты бойынша Серіктестіктің жергілікті актілерін білу.
Қалаулы: коммуникабельділік, іскерлік қасиеттер, ұжымда серіктестік қатынастарды қолдай білу.
2. Мамандығы
Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі):
Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлік құралдарын пайдалану (теміржол көлігі).
Орта (техникалық және кәсіптік):
Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және қозғалысты басқару (салалар бойынша);
Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.
3. Жұмыс тәжірибесі*
Қызмет бейіні бойынша:
Міндетті және қалаулы:
Жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім болған жағдайда – кемінде 3 жыл, оның ішінде орталықтандыру постының кезекшісі / парк бойынша кезекші / класстан тыс, 1–3 сыныптағы станция кезекшісі / сұрыптау дөңесінің кезекшісі лауазымдарында;
Орта (техникалық және кәсіптік) білім болған жағдайда – кемінде 2 жыл, оның ішінде орталықтандыру постының кезекшісі / парк бойынша кезекші / 2–3 сыныптағы станция кезекшісі / 4–5 сыныптағы станция бастығы / сұрыптау дөңесінің кезекшісі, пойыз құрастырушы, станция операторы лауазымдарында.
Басшылық лауазымдағы тәжірибе: талап етілмейді.
4. Дағдылар
Міндетті:
менеджмент және тәуекел-менеджмент жүйесінің құралдарын меңгеру;
Серіктестіктің еңбек ресурстарына қажеттілігін есептеу, даму жоспарларын әзірлеу және орындауды ұйымдастыру;
қойылған міндеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, жетекшілік ететін бөлімшелердің жұмысын жүйелі түрде жоспарлау;
ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларын іске асыру және өз жұмысында басымдықтарды дұрыс айқындау;
жұмыс уақытын ұтымды бөлу.
Қалаулы:
әртүрлі көзқарастар арасында келісімге келу және сындарлы диалогты белсенді жүргізу;
командада жұмыс істеу, көшбасшылық және коммуникациялық дағдыларды меңгеру;
көпшілік алдында сөйлеу дағдылары.

Қосымша талаптар:

10. Еңбек шартында көрсетілген міндеттерден басқа, қызметкердің міндеттеріне мыналар жатады:
1) еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;
2) Серіктестік басшылығының және тікелей басшысының тапсырмаларын орындау;
3) іскерлік этика нормаларын және корпоративтік мәдениетті сақтау;
4) Серіктестік пен Компанияның жергілікті актілері мен құпиялылық талаптарын бұзбай, шынайы әрі уақтылы ақпарат ұсыну;
5) өзінің пайдаланымындағы мүлікке ұқыпты қарау, оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
6) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, комплаенс мәдениетін қалыптастыру, іскерлік беделді нығайту және Серіктестікке деген сенімді арттыру шеңберінде төмендегілерді жүзеге асыру:
а) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен рәсімдерді қалыптастыруға және іске асыруға белсенді қатысу;
б) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын, сондай-ақ Серіктестіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатының қағидаттары мен талаптарын сақтау;
в) жеке мүдделердің Серіктестік пен Компания мүдделеріне қайшы келетін жағдайлар мен мән-жайлардан аулақ болу. Мүдделер қақтығысы туындаған (немесе туындау мүмкіндігі болған) жағдайда, бұл туралы тікелей басшысына немесе Серіктестіктің комплаенс-бақылаушысына жазбаша түрде хабарлау;
г) Серіктестік қызметкері тарапынан жасалған немесе жасалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы белгілі болған кез келген дерек бойынша Компанияның «жедел желісіне» не тікелей немесе жоғары тұрған басшысына және (немесе) Серіктестіктің комплаенс-бақылаушысына дереу хабарлау;
д) Компанияның қызметкердің этикасы мен мінез-құлқына қатысты ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;
е) Компанияның мүдделер қақтығысын болдырмау және реттеу жөніндегі ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;
ж) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының және Серіктестіктің жергілікті актілерінің сақталуын қамтамасыз ету, қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактикасын жүргізу;
з) құрылымдық бөлімше кураторлығы аясындағы үдерістерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат пен комплаенс саясаттарының талаптарын енгізу;
8) «Үш қорғаныс желісі» моделіне сәйкес Серіктестіктің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылаудың корпоративтік жүйесі шеңберінде функцияларды іске асыру;
9) осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген үдерістер мен операцияларды сапалы әрі уақтылы орындау;
10) қызметтік құжаттарды қарау және шешім қабылдау кезінде бюрократизм көріністеріне жол бермеу, бюрократизм фактілері анықталған жағдайда Серіктестіктің жергілікті актілерінде белгіленген мерзімдерде қажетті шаралар қабылдау;
11) 2019 жылғы 20 қыркүйектегі №14 хаттамаға сәйкес АО «НК «ҚТЖ» Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген, сондай-ақ 2021 жылғы 29 қарашадағы №14 хаттамамен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, АО «НК «ҚТЖ» және оның еншілес ұйымдарының Әдеп кодексінің талаптарын сақтау;
12) өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру