«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Қандыағаш жол дистанциясы өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы
- Құрылған күні:
-
21.01.2026
- Берілген өтінім:
- 4
- Қаралған саны:
- 134
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Дистанцияның негізгі құралдарын күрделі жөндеу, инженерлік құрылыстарды, темір жол өтпелерін, қызметтік-техникалық ғимараттар мен үй-жайларды дамыту, жаңғырту бойынша перспективалық, жылдық жоспарларды қалыптастырады, әзірлейді, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
- Аз белсенді желілерді, екінші негізгі жолдарды, станциялық жолдар мен бағыттамалы бұрмаларды бөлшектеу бойынша жұмыс атқару;
- Негізгі құралдардың жай-күйін талдайды, негізгі құралдарды түгендеуге қатысу;
- Негізгі және инвестициялық бюджеттер бойынша өтінім жоспарларын қалыптастыру;
- Темір жол кірме жолдарының жанасуына, сондай-ақ магистральдық темір жолдардың жерүсті және жерасты коммуникацияларымен қиылысуын орнатуға техникалық шарттар мен жобаларды беруге арналған материалдарды қарауға және келісуге қатысады, қарау нәтижелері бойынша ұсыныстар дайындау;
- Жылжымайтын мүлік объектілеріне құқық белгілейтін құжаттарды дайындау жөніндегі жұмысқа қатысу;
- Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау жөніндегі жұмысқа қатысады және оларға теміржол көлігінің мұқтажы үшін жер бөлу жолағымен шектесетін жергілікті атқарушы органдардың жер учаскелерін беруін келісу;
- Станцияның ауқымды және схемалық жоспарларын тексеру;
- Объектілерге техникалық паспорттауды жүргізеді, АГУ-4 кестесінің ірілендірілген жол қашықтығының техникалық паспортын, АГО-1, АГО-3, АГО-6д, РШБК нысанының статистикалық есептілігін жасау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіптік).
- Мамандығы: Құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы.
- Жұмыс тәжірибесі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім болған жағдайда - қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл; орта (техникалық және кәсіптік) білім болған жағдайда - қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж