"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функциялы қызмет көрсету орталығы" филиалының рұқсаттама бойынша тобының ҚРБЖ менеджері

от 227144
Филиал АО «НК «ҚТЖ» - «Многофункциональный центр обслуживания» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
26

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қызметкерлердің, жалға алушылар мен келушілердің кіруі мен шығуы туралы ақпаратты жинауды, өңдеуді және сақтауды жүзеге асырады;
  • биометриялық рұқсаттамаларды рәсімдеу кезінде деректердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді;
  • жазбаша хабарламалар мен айналым парақтары негізінде  ҚББЖ дерекқорында тұрақты биометриялық рұқсаттамаға түзетулер енгізеді;
  • шектеулі колжетімділік аймақтары мен  арнайы режимдік бөлмелердің (РЦУП) прокси-карталарының есебін жүргізеді және береді;
  • шектеулі қолжетімділік аймақтары мен режимдік үй-жайлардың (РЦУП) прокси-карталарының есебін жүргізеді және береді;
  • компания қызметкерлерінің келу және кету уақытын есепке алу бойынша ақпаратты қалыптастырады және ұсынады;
  • ҚББЖ  дерекқорындағы кескіндер бұрмаланған жағдайда фотосуреттерге түзету жүргізеді;
  • жабдықтардың: камералардың, серверлердің және  ҚББЖ  жүйесінің басқа да компоненттерінің техникалық жай-күйіне бақылау жасайды;
  • тіркеу бағаны арқылы келушілердің келуіне мониторинг жүргізеді және деректерді жүктейді;
  • тексерулер мен тергеу амалдарын жүргізу кезінде белгіленген тәртіпке сәйкес Корпоративтік қауіпсіздік қызметіне ақпаратты, есептер мен материалдарды ұсынады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары;
  • мамандығы: ақпараттық жүйе, есептеу техникасы, құқықтану, экономика, теміржол мамандықтары
  • еңбек өтілі: қызмет бейіні бойынша кем дегенде 3 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр