Темір жол станциясы бойынша кезекші (Менлібай станциясы учаскесі бойынша) 2 классты Түлкібас станциясы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1, Кезекшілікке кіргенге дейін 30 минут бұрын станция бастығының қолын қойғызып, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша мақсатты нұсқама алады2, Ауысым қызметкерлерінің келуін, олардың арнайы киімдерінің болуын, жұмыс орнының жай-күйін тексеруді жүзеге асырады. Кемшіліктер болған жағдайда оларды жою бойынша шаралар қабылдау.
3, Қолданыстағы поездық жағдаймен, алдағы жұмыс жоспарымен, поездарды және маневрлерді қабылдауға, жөнелтуге қатысты нұсқаулармен және өкімдермен, аралықтар станциясына іргелес станция жолдарында жылжымалы құрамның болуы және орналасуымен (жолдардың бос немесе бос болмауы) таныстырылады
4, Станциядағы және өтпедегі СОБ және байланыс құрылғыларын басқару аспаптарының жарамдылығына, тізімдемеге сәйкес пульт-таблода пломбалардың болуына көз жеткізеді.
5, Жұмыс орнында мүкәммалдың, оның ішінде қатаң есептегі мүкәммалдың жарамдылығын тексереді, кейіннен жазбаны ресімдейді.
6, Поездар қозғалысының ф. ДУ-2; жолдарды, бағыттамалы бұрмаларды, СОБ, байланыс құрылғыларын және ф. ДУ-46; поездық телефонограммалар ф. ДУ-47; диспетчерлік өкімдер н. ДУ-58; тежегіш табандықтарын есепке алу н. ДУ-67; ескерту беру кітабы н. ДУ-60; вагондар мен құрамдарды техникалық қызмет көрсетуге ұсыну кітабы ф. ВУ-14.
7, Поездарды станция бойынша қабылдауға, өткізуге және жөнелтуге және станциялық жолдар мен кірме жолдардағы маневрлік жұмысқа басшылықты жүзеге асырады.
8, Поездарды қабылдау, жөнелту және өткізу маршрутын және маневрлік маршруттарды дайындайды (жеке өзі).
9, Вагондарды тексерушіні шақырады:
- КТСМ-02 аппаратурасының көрсетуі бойынша поезд тоқтаған кезде;
- локомотивсіз «тастанды» поездарды техникалық байқау және поезд тежегіштерін сынау үшін жөнелту алдында;
- вагондарды тиеуге және түсіргеннен кейін техникалық тексеру үшін;
- машинистің өтінімі бойынша бақылап тексеру үшін тежегіштер ақаулы болған кезде;
- стандартты емес жағдайларда және т.б.
Техникалық қызмет көрсетуге құрамдар мен вагондарды шақыру тексерушісіне, тиеуге және түсіруге келген вагондарды коммерциялық тексеруге жүк пен багажды қабылдаушы-тапсырушыға (ал ол болмаған жағдайда тауар кассиріне) ұсынады.
Біліктілік талаптары:
Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)Саладағы мамандығы: Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша); Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
Жұмыс тәжірибесі: 4-5 сыныпты станция бойынша кезекші, поездарды құрастырушы, станция операторы, бағыттамалық пост кезекшісі, парк бойынша кезекші лауазымдарында кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж