Карточкалық жүйені әкімшілендіру бөлімінің бас менеджері

"Қазпошта" АҚ "Qazpost Digital" филиалы Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
227

   Конкурс туралы
Міндеттері:

«Way4» БЖ қолданбалы және техникалық әкімшілендіру; Ұсынылған техникалық тапсырмаларға сәйкес есептерді әзірлеу; Бөлім бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру; «Way4» БЖ интерфейстік формаларын редакциялауды жүзеге асыру; «Way4» БЖ жұмыс істеуіне байланысты жұмыстарды орындау;
Төлем карточкаларын пайдалана отырып, қызметтерді әзірлеу және жетілдіру жөніндегі жұмыс топтарына қатысу; Карточкалық бизнес-процестерді оңтайландыру жөніндегі іс-шараларға қатысу; Қоғамның бөлімшелеріне Бөлім қызметінің мәселелері бойынша түсіндірмелер мен кеңестер беру;
Карточкалық технологиялар саласындағы жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеу;
Карточкалық бизнесті дамыту шеңберінде БЖ қызметтерін әлеуетті жеткізушілермен келіссөздер жүргізу; Техникалық және жұмыс жобаларын әзірлеуді жүзеге асыру, сондай-ақ әзірленген міндеттерді сынақтан өткізуге және оларды пайдалануға беруге қатысу;
Карточкалық бизнесті әзірлеу, пайдалану және дамыту саласындағы озық тәжірибені зерделеу;
Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс процестерін автоматтандыру, оларды қажетті бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтау; Төлем карталары арқылы көрсетілетін қызметтер бойынша ҚР-дағы жетекші екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ) деңгейіне қол жеткізу; Карточкалық бизнесті дамытудың қызметтерін, өнімдерін және жобаларын іске асыруға қатысу;
Қоғам клиенттерінің сауда және сервис кәсіпорындарында төлем карталары көмегімен қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесін қолдау;
Халықаралық төлем жүйелерімен (бұдан әрі - ХТЖ) өзара іс-қимыл жасау, төлем жүйелерінде сертификаттаудан өту;
ХТЖ және басқа да сыртқы компаниялармен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жобалық және сүйемелдеу қызметін жүргізу.
 Талаптар: 
Тиісті бейін бойынша жоғары және/немесе орта арнайы білім: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе математика және/немесе қаржы және/немесе экономика және/немесе гуманитарлық ғылымдар және/немесе құқық.
Ақпараттық технологиялар саласындағы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес. АТ мамандықтары бойынша тиісті білімі болған жағдайда 1 жыл жұмыс өтіліне жол беріледі.
Шарттар:
5/2