«ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері» ЖШС Алматы ст. өңірлік пайдалану локомотив бөлімінің (Астана қ. орналасқан жері) бас маманы (ТЭР бойынша)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Алдыңғы тәуліктегі жолаушылар поездарының тартылуына электр энергиясының шығыны, жолаушылар поездарын тартуға орындалған жұмыс, жолаушылар поездарының вагондарын жылытуға арналған электр энергиясының шығыны және оның қателіктердің бар-жоғын тексеру, бригадалар (пойыздар) саны бойынша деректерді ММИӨ АЖ-де жинау;
- «KEGOK» АҚ-дан жолаушылар поездарының тартылуына электр энергиясының берілген шығысының тәуліктік анықтамасына сәйкес өткен тәулікте электр энергиясын тұтынуды талдайды;
- «KEGOK» АҚ-дан өткен тәулік берілген тәуліктік кестесін өңдеуді және талдауды жүргізеді;
- Өңірлер бойынша жолаушылар пойыздарының санын жинайды және талдайды;
- Электр энергиясын сатып алуға тәуліктік кестені (өтінімді) қалыптастыру үшін өткен кезеңдегі өңірлер бойынша жолаушылар поездарының тартылуына электр энергиясының шығынын күнделікті талдайды:
- өңірлер бойынша өткен 3 айдағы белгілі бір тәулікке поездар саны;
- «Машинист маршрутын интеграцияланған өңдеу» автоматтандырылған жүйесінде жолаушылар поездарының тартылуына электр энергиясының жиынтық шығысының өткен 3 жылдағы аттас айлармен белгілі бір тәулікке сәйкестігі;
- өткен тәулікте «KEGOK» АҚ-дан берілген с өңірлері бойынша деректер негізінде;
- «KEGOK» АҚ-дан берілген өңірлер бойынша электр энергиясының жоспарланатын және нақты көлеміне ай сайынғы талдайды:
- жоспар мен фактінің пайыздық арақатынасын анықтау;
- анықтау жоспар мен фактінің графикті құрудағы айырмашылығы;
- электр энергиясын сатып алуға өтінімді қалыптастыру үшін өңірлер бойынша жүктемелердің өңірлік бейінінің тәулігінде белгілі бір сағатта орташа мәнді есептеу.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (локомотивтер және локомотив шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігінде тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру); Стандарттау, метрология және сертификаттау; Автоматтандыру, телемеханика және басқару теміржол көлігінде; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Логистика.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша жұмыс өтілі 2 жыл кем емес.
Қосымша талаптар:
- Міндетті түрде: мамандандырылған БҚ-ны меңгеру, энергия тұтыну бойынша есептілікті дайындау, есептерді қалыптастыру, деректерді талдау және электр тұтынуды болжау, энергия ресурстарына шығындарды есептеу бөлігінде экономика және бухгалтерия негіздерін білу.
- Мүмкіндігінше: ЭКЕАЖ және ММИӨ АЖ бағдарламаларын меңгерген.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр