Инвесторлармен жұмыс жөніндегі департаменттің Бас заңгері

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
27

Қаралған саны:
2969

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу:

    • Компанияның инвестициялық жобаларға қатысуына қатысты мәселелер бойынша құқықтық қорытындылар дайындайды;

    • құқықтық тәуекелдер мен ықтимал салдарды айқындайды, тәуекелдерді митигациялау жолдарын ұсынады, бизнестің мүддесінде оңтайлы шешімдер бойынша ұсынымдар береді;

    • инвестицияланатын ұйымға құқықтық аудитті (Legal Due Diligence) жүргізеді;

    • Компанияның инвестициялық жобалардан шығуына құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

    • инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты құқықтық мәселелер бойынша Компанияның құрылымдық бөлімшелеріне жәрдем көрсетеді.

    Корпоративтік құқық және M&A

    • құқықтық тексеру жүргізеді, тәуекелдер мен оларды нивелирлеу тәсілдерін көрсете отырып, құқықтық қорытындылар дайындайды, бизнестің мүддесінде оңтайлы шешімдерді ұсынады;

    • мәмілелерді құрылымдайды, ынтымақтастық туралы келісімдерді (MoU), жобаны іске асырудың негізгі шарттары туралы құжаттарды (Term Sheet), міндеттемейтін/міндеттейтін ұсыныстарды (non-binding/binding offer), жобаны бірлесіп іске асыру туралы шарттарды (ЖБІЖШ) және оған ілеспе барлық құжаттарды (опцион шарты, құрылтай құжаттары, үлестерді/акцияларды сатып алу-сату шарттары және т.б.) талқылауға және әзірлеуге қатысады;

    • M&A мәмілелеріне қатысты Компанияның басқа бөлімшелерінің, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ-ның (бұдан әрі – Қор) барлық сұраулары бойынша түсіндірмелер береді;

    • заңды тұлғаларды тіркеу/қайта тіркеу, АХҚО юрисдикциясында құрылатын заңды тұлғаларды тіркеу, мемлекеттік органдардан және өзге де мемлекеттік емес субъектілерден қажетті рұқсаттарды алу үшін құжаттар дайындайды;

    • шетелдік қатысуы бар қатынастарды, оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

    Шарттық құқық

    Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында және қолданылатын құқық талаптары шеңберінде:

    • шарттар жобаларын, оның ішінде инвестициялық жобаны бірлесіп іске асыру туралы шарттарды, опцион шарттарын, үлестерді/акцияларды сатып алу-сату шарттарын, кепілдік, кепіл (залог) шарттарын және өзге де шарттарды әзірлейді және/немесе оларды әзірлеуге қатысады;

    • Компания немесе жобалық компания жасасатын дайын шарттар жобаларына, оның ішінде ағылшын тіліндегі шарттарға құқықтық сараптама жүргізеді, құқықтық бағалау мен ұсынымдар береді.

    Өзінің функционалдық міндеттері шеңберіндегі талап-арыздық жұмыс

    • дауды сотқа дейін реттеу мәселелері бойынша келіссөздерге, татуластыру рәсімдеріне, барлық сатылардағы сот отырыстарына, оның ішінде шетелдік арбитраждық соттардың отырыстарына қатысады;

    • сот актілері мен арбитраждық соттардың шешімдерін орындау жөніндегі іс жүргізуге қатысады;

    • дауларды шешу мәселелері бойынша құжаттарды, оның ішінде ағылшын тілінде (талаптар, талап-арыздар, пікірлер, бітімгершілік келісімдер, өтініштер, өтінімдер, шағымдар және т.б.) жасайды.

Шарттары:

  • Бәсекелестік жалақы;
  • Жұмыс нәтижелеріне негізделген мотивациялық өтемақы;
  • Қордың өсу перспективалары және нетворкингтің дамуы;
  • Медициналық сақтандыру;
  • Нәтижеге бағытталған кәсіби мамандардың күшті командасы;
  • Елорданың іскерлік орталығындағы кеңсе (Хан Шатыр ауданы).

Қажетті қабілеттер

  • Ориентация на результат
  • Разработка ВНД
  • эффективные переговоры
  • 4. Стрессоустойчивость
  • Навыки претензионно-исковой работы