Техник-эколог

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
22

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

• Жабдықтың техникалық жай-күйінің қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану талаптарына сәйкестігін тексеруге қатысу;• Жиынтық альфа және бета белсенділігі бойынша бұрғылау ерітінділері мен шламдардың ұсынылған үлгілеріне зерттеулер жүргізу;• Талдау нәтижелерін жүйелеу, олардың негізінде ай сайынғы есептер құрастыру және оларды бөлім басшылығына ұсыну;• Бұрғылау нәтижесінде пайда болған шламды есепке алу үшін бұрғыланған ұңғымалардың саны бойынша деректерді ай сайын ұсыну;• Талдаулар жүргізу үшін сарқынды сулардың сынамаларын іріктеу және дайындау (тазартқанға дейін және кейін), сынамаларды тиісті зертханаға жіберу үшін ілеспе құжаттаманы дайындау;• Талдау жүргізу үшін жер үсті су көздерінен (артезиан) су сынамаларын іріктеу және дайындау, сынамаларды тиісті зертханаға жіберу үшін ілеспе құжаттаманы дайындау;• Микробиологиялық және химиялық құрамға талдау жүргізу үшін артезиан ұңғымаларынан ауыз су сапасындағы су сынамаларын іріктеу, тиісті зертханаларға сынама алу үшін ілеспе құжаттаманы дайындау;• Тиісті зертханаға жіберу үшін кір жуу орындарынан су сынамаларына ілеспе құжаттаманы дайындау;• Бақылау ұңғымаларынан талдау үшін су сынамаларын іріктеу және дайындау, олар бойынша бастапқы өлшеулер жүргізу, ілеспе құжаттаманы дайындау және талдауға тиісті зертханаларға жіберу;• Тиісті талдаулар үшін топырақ, өсімдік және қар сынамаларын алу;• Сыртқы зертханалардан алынған кез келген талдаулардың нәтижелерін жүйелеу;• Бақылау ұңғымаларындағы судың статистикалық деңгейін өлшеуді жүргізу;• Тиісті журналға статикалық деңгейді енгізе отырып, құм тұндырғыштардың сүзуге қарсы экрандарының жай-күйінің тұтастығына апта сайын бақылау жүргізу;• Кәдеге жаратуға жіберу үшін өнеркәсіптік қалдықтарды тиеу кезінде бақылауды жүзеге асыру; • Өндірушілердің су сынамаларын алу кезінде алынатын сынамалардағы су параметрлеріне ай сайынғы аспаптық өлшеулер жүргізу;• Компанияның құрылымдық бөлімшелерінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы экологиялық заңнамасын, қоршаған ортаны қорғау бойынша нұсқаулықтарды, стандарттар мен нормативтерді сақтауға бақылауды жүзеге асыру өндірістік факторлардың жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына зиянды әсерін төмендетуге ықпал етеді;• Тікелей басшының және жоғары тұрған басшының жекелеген тапсырмаларын және қойылған міндеттерін уақтылы орындау;• Өз құзыреті шегінде жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты жұмыс беруші актілерінің, саясаттардың, ережелердің, нұсқаулықтардың және Компанияның басқа да құжаттарын өзінің сақтауын қамтамасыз ету;• Еңбек, ұжымдық шарттарға, осы лауазымдық нұсқаулыққа, Жұмыс берушінің актілеріне және Компанияның өзге де бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған міндеттерді, Еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (көлемде және мерзімде орындау мүмкіндігі болмаған кезде немесе сұрақтар туындаған кезде қызметкер тікелей басшыға хабарлауы және қажет болған жағдайда міндеттерді, тапсырмаларды және т.б. орындау мерзімін ұзартуы тиіс).• Қажет болған жағдайда белгіленген тәртіппен және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек шарты бұзылған/тоқтатылған кезде Компанияға тиесілі құжаттарды, материалдарды және басқа да мүлікті беру;• Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау;• Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету;• Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс). • Компанияның Бас директорына және/немесе Бақылау және Комплаенс офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау.• Тікелей басшыға техник-экологтың лауазымды міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау.3.2 Техник-экологтың лауазымдық міндеттері келесі себептер бойынша ҚР заңнамасы аясында өзгеруі мүмкін: • Өндірістік қауіпсіздік бөлімінің мәртебесінің, мақсатының және функцияларының өзгеруіне немесе оны қайта құруға әкеліп соқтыратын Компанияның (Компанияның Қадағалау кеңесінің шешіміне, Компанияның Бас директорының бұйрығына сәйкес орындалатын) басқарудың ұйымдық құрылымының және штат кестесінің өзгеруі; • Техник-экологтың жауапкершілік саласын, өкілеттігін, бағыныстылығын және жұмыс тәртібін өзгертетін Компанияның даму және жақсарту жөніндегі жоспарлары; • Жоғары тұрған басшымен, Қызметкерлермен жұмыс жүргізу департаментінің директорымен келісілген және Компанияның Бас директоры бекіткен осы лауазымдық нұсқаулыққа өзгерістер енгізу жөніндегі тікелей басшының шешімі.

Білім:

Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау/экология саласындағы жоғары білім.

Дағдылар:

• Қазақстан Республикасының орындалатын жұмыс мәселелері бойынша заңнамасы, нормативтік құқықтық актілері; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Қауіпсіздік техникасының және еңбекті қорғаудың, өндірістік санитарияның және өрттен қорғаудың ережелері мен нормалары;• Азаматтық қорғаныс, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік салаларындағы ережелері мен нормалары;• Еңбек және қызметтік әдеп мәдениеті;• Қазақстан Республикасының санитарлық ережелері мен өнеркәсіптік гигиена нормаларының негізгі ережелері;• Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі нормативтік және әдістемелік материалдар;• Экологиялық мониторинг жүргізу тәртібі.

Қосымша:

• Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі насихат пен ақпараттың әдістері мен түрлері;• Бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалана білуі;• ""B"" санатындағы жүргізуші куәлігі;

Білетін тілдер:

• Қазақ тілін білу- міндетті;• Орыс тілін білу (ауызша және жазбаша) – міндетті