«ҚазТрансОйл» АҚ телекоммуникациялар, ТПАБЖ және МҚ департамент телекоммуникациялар бөлімінің жетекші маманы

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
13

Қаралған саны:
478

   Конкурс туралы

 

Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білімдер:

1)       өндірістік-технологиялық байланыс;

2)       мұнай тасымалдаудың технологиялық процестері;

3)       өндірістік-технологиялық байланыс жүйелерін құру және пайдалану бойынша нормативтік құжаттар;

4)       заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу;

5)       менеджмент жүйелері;

6)       СТ РК 1928-2023 талаптарына сәйкес мемлекеттік тілді базалық деңгейде меңгеру.

 

Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті дағдылар:

1) Microsoft Office, SAP, Lotus, AutoCAD бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану;

2) Cisco Meeting Server, Cisco Telepresence MCU, Cisco Webex, Cisco Meeting Management видеоконференцбайланыс серверлерін әкімшілендіру;

3) Cisco Unified Call Manager телефония серверлерін әкімшілендіру.

 

Негізгі еңбек міндеттері:

1) «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) өндірістік-технологиялық байланыс (ӨТБ) бағыттарын, оның ішінде аудио және видеоконференцбайланыс (ВКБ), сымды байланыс желілері, кіру бақылау және бейнебақылау жүйелері (бұдан әрі – қадағаланатын бағыттар) жаңғырту мен даму қажеттілігін анықтау әрі талдау, өндіріс бағдарламасы мен бизнес-жоспарын, сондай-ақ қадағаланатын бағыттар бойынша тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жоспарын қалыптастыруға материалдық ресурстар қажеттілігін анықтау;

2) Қоғамның еншілес және бірлескен-бақылаудағы ұйымдарының бюджет өтінімдерін, сондай-ақ қадағаланатын бағыттар бойынша тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу үшін Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің өтінімдерін қарау және келісу;

3) Қадағаланатын бағыттар бойынша тауарлар, жұмыстар және қызметтерді сатып алу шарттарын қадағалау, мердігерлердің ӨТБ құралдарын қолдануда Қоғамның техникалық және ұйымдастырушылық саясатын сақтауын үйлестіру;

4) Қоғамдағы ВКБ, сымды байланыс желілері, кіру бақылау және бейнебақылау жүйелерін ұйымдастыру жобаларын басқару;

5) Қоғам орталық аппаратында ВКБ сессиясын дайындау және өткізуді сүйемелдеу;

6) Орталық аппаратта абоненттерді телефон желісіне қосу бойынша өтінімдердің орындалуын бақылау;

7) Өз құзыреті шегінде коммутациялық үй-жайлардың жағдайын бақылау;

8) Телекоммуникациялық жабдықтың жұмысын талдау, ӨТБ желісін оңтайландыруға ұсыныстар әзірлеу, телекоммуникациялық жабдық пен бағдарламалық қамтамасыз етуді сынау, техникалық шешімдерді әзірлеу және Қоғам мен үшінші ұйымдардың қашықтағы нүктелерін ӨТБ желісіне қосу;

9) Департаменттің телекоммуникациялар бөлімі құзыреті аясында Қоғамның бизнес-жоспарын қалыптастыруға, бюджетті және шығын баптары бойынша тарифтік сметаны түзетуге ұсыныстар әзірлеуге қатысу;

10) Тікелей басшысы мен Қоғамның ішкі құжаттары арқылы жүктелген басқа да міндеттерді орындау.

 

Талаптары:

Байланыс саласында жоғары техникалық білім.

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі: 3 (үш) жылдан кем емес;

Мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі (қажет болған жағдайда): 1 жылдан кем емес

 

Шарттары:

Жаман әдеттері жоқ, қалыпты еңбек жағдайлары.

5-күндік жұмыс аптасында 8-сағаттық жұмыс күні.

ҚР Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын ресімдеу.

Медициналық сақтандыру.

Оқыту және кәсіби даму.

Ұжымдық шартқа сәйкес әлеуметтік пакет.

Кәсіби ұжым.

Жұмыс орны: Астана қаласы.

Қажетті қабілеттер

  • использования программного обеспечения Microsoft Office, SAP, Lotus, AutoCAD
  • администрирования серверов телефонии Cisco Unified Call Manager

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Озат)
  • Орыс тілі (Озат)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Қауіпсіздік техникасы
  • Өндіріс