«Көліктік сервис орталығы» АҚ жол шебері - «Семей өңірлік өкілдігі»
«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамы Семей қ.Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Жол жұмыстарының барлық түрлерінің нормативтік көлемін және оларды орындау үшін материалдарға қажеттілікті айқындайды;
- Поездардың қауіпсіз және үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ететін инженерлік құрылыстардың (жолдар, өткелдер және т.б.) және жер төсемінің жарамды жай-күйде ұсталуын бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады;
- Темір жолды, жер төсемін, жасанды құрылыстарды және т.б. ағымдағы күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде материалдардың тиімді пайдаланылуын бақылайды;
- Шартқа сәйкес ӨЖҚ орындаған Қоғамның темір жолдарын ағымдағы ұстау бойынша жұмыстардың көлемін бақылауды, тексеруді және қабылдауды жүзеге асырады;
- Тексеру актілерін, ақау актілерін, хаттамаларды және т.б. оларда көрсетілген ескертулерді уақтылы жою үшін қатысы бар ТЖ және ӨБ-ге жібереді;
- «ҚТЖ-ГП» ЖШС, НТЖ, Қоғам жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуы бойынша Қоғамның бөлімшелеріндегі жедел талдауға қатысады;
- Қоғамның жылжымайтын мүлік объектілерін техникалық түгендеуге, паспорттауға және жер учаскелерін ресімдеуге қатысады;
- Сапа және Аймақ мұқтажы үшін шарт бойынша құжаттарға сәйкестігі бойынша материалдарды қабылдауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технология; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Көлік құрылысы (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер және көлік тоннелі);
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр