«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС - «ЖТ Ақмола бөлімшесі» филиалының Астана станциясының өндірісін қамтамасыз ету секторының 1-санатты инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Шарттардың орындалуын ЭСАЖ-ға енгізеді.
- SAP жүйесіне шарт енгізеді.
- Заң бөліміне жеткізушілердің шарттық міндеттемелерін тиісінше орындамағаны үшін айыппұл сомасын өндіріп алу жөніндегі наразылық жұмыстарын жүргізу үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынады, сондай-ақ ақпаратты Серіктестікке уақтылы жібереді.
- Филиал жасасқан сатып алу туралы шарттар талаптарының орындалуын, олардың толық іске асырылуын және жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуын бақылауды және шарт талаптарының толық және сапалы орындалуы туралы ақпаратты Серіктестіктің тиісті құрылымдық бөлімшесіне уақтылы ұсынуды жүзеге асырады.
- Жеткізушінің және бөлімшелердің ұсынған құжаттарын бақылауды жүзеге асырады (мекенжайлар, сенімхаттар, құжаттардың үлгілері, жеткізу мерзімдері, кепілдік хаттар, қамтамасыз ету, қамтамасыз ету сомасы, орындау, ИЫҰ қайтару).
- Саны мен сапасы бойынша ТМҚ қабылдауға қатысады. ТМҚ-ға құжаттарды, комиссия мүшелерінің қолдарын, Филиал жасасқан шарттар бойынша мөрлерді жинауды толтырады.
- Құжаттар, сенімхаттар, сертификаттар дұрыс болмаған жағдайда жеткізушілермен жұмысты жүзеге асырады. (телефон қоңыраулары, электрондық пошта, СМС).
- Бухгалтерияға ТМҚ жеткізу бойынша құжаттарды қолын қойғызып тапсырады.
- Қайтарылған құжаттарды сканерлейді және жеткізушіге және шарт әкімшісіне пошталық хабарламамен жібереді.
- Шартты бұзуға хабарлама жасайды, жібереді, пошта жөнелтілімдерінің тапсырылуын қадағалайды.
- Тауарды жеткізуді кешіктірген кезде айыппұл санкцияларын есептейді және қояды, жеткізушілерге пошта хабарламасымен және электрондық пошта арқылы хабарлама жібереді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Көтергіш-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, Вагондар); Құқықтану; Халықаралық құқық; Экономика; Менеджмент; Маркетинг; Қаржы; Есеп және аудит; Ақпараттық жүйелер; Технологиялық машиналар мен жабдықтар (салалар бойынша); Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі).
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр