«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС пайдалану локомотив депосының бастығы - «ГП Атырау бөлімшесі»
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыстың техникалық және технологиялық регламенттеріне сәйкес пайдалану локомотив депосының қызметін басқарады және ұйымдастырады;
- Лауазымдар номенклатурасы бойынша өкілеттіктерге сәйкес Серіктестік берген сенімхат негізінде локомотив пайдалану депосының қызметкерлерімен еңбек қатынастары саласында шешімдер қабылдайды;
- Поездық, маневрлік және шаруашылық жұмыстар үшін локомотивтерді үздіксіз беруді қамтамасыз етеді, сондай-ақ локомотивтердің тіркелген паркін техникалық жарамды күйде ұстауды қамтамасыз етеді;
- Өндірістік тапсырмалардың орындалуын, Компания және Серіктестік басшылығының тапсырмаларының уақтылы орындалуын бақылайды
- Локомотив бригадаларының қажетті (белгіленген) санының болуын, олардың іріктелуін, сапалық құрамын, санына қойылатын талаптарға, кәсіптік және біліктілік талаптарына сәйкес кадрларды ұстау мен орналастыруды, белгіленген тәртіппен даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды және жаттықтыруды қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Көлік, көлік техникасы және технологиялары (локомотивтер және локомотив шаруашылығы) саласындағы мамандығы;
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 7 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл, оның ішінде локомотив депосы басшысының (бастығының) пайдалану жөніндегі орынбасары лауазымында.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман