«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-нің Бас заңгері

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
24

Қаралған саны:
2211

   Конкурс туралы

Міндеттері:

Инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу:

  • Компанияның инвестициялық жобаларға қатысуы мәселелері бойынша құқықтық қорытындылар дайындайды;

  • құқықтық тәуекелдер мен ықтимал салдарларды айқындайды, тәуекелдерді төмендету жолдарын ұсынады, бизнес мүддесі үшін оңтайлы шешімдер бойынша ұсынымдар береді;

  • инвестиция салынатын ұйымға құқықтық аудит (Legal Due Diligence) жүргізеді;

  • Компанияның инвестициялық жобалардан шығуын құқықтық сүйемелдеуді жүзеге асырады;

  • инвестициялық жобаларды іске асыруға және операциялық қызметке байланысты құқықтық мәселелер бойынша Компанияның құрылымдық бөлімшелеріне жәрдем көрсетеді.

Корпоративтік құқық және M&A:

  • құқықтық тексеру жүргізеді, тәуекелдер мен оларды азайту тәсілдерін көрсете отырып құқықтық қорытындылар дайындайды, бизнес мүддесіне сай оңтайлы шешімдер ұсынады;

  • мәмілелерді құрылымдайды, ынтымақтастық туралы келісімдерді (MoU), жобаны іске асырудың негізгі талаптары туралы келісімді (Term Sheet), міндеттемейтін/міндеттейтін ұсыныстарды (non-binding/binding offer), жобаны бірлесіп іске асыру туралы шарттарды (ДСРП) және оған ілеспе барлық құжаттарды (опцион шарты, құрылтай құжаттары, үлестерді/акцияларды сатып алу-сату шарттары және т.б.) талқылауға және әзірлеуге қатысады;

  • M&A мәмілелері бойынша Компанияның басқа бөлімшелерінің, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ-ның (бұдан әрі – Қор) барлық сұрауларына түсіндірмелер береді;

  • заңды тұлғаларды тіркеу/қайта тіркеу, АХҚО юрисдикциясында құрылатын заңды тұлғаларды тіркеу, мемлекеттік органдар мен өзге де мемлекеттік емес субъектілердің қажетті рұқсаттарын алу үшін құжаттар дайындайды;

  • шетелдік қатысуы бар қатынастарды, оның ішінде инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша құқықтық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

Шарттық құқық:

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында:

  • инвестициялық жобаны бірлесіп іске асыру шарттарын, опцион шарттарын, үлестерді/акцияларды сатып алу-сату шарттарын, кепілдік, кепіл шарттарын және т.б. қоса алғанда, шарт жобаларын әзірлейді және/немесе әзірлеуге қатысады;

  • Компания немесе жобалық компания жасасатын дайын шарт жобаларына, оның ішінде ағылшын тіліндегі шарттарға құқықтық сараптама жүргізеді, құқықтық бағалау мен ұсынымдар береді.

Функционалдық міндеттері шеңберіндегі талап-арыз жұмысы:

  • дауды сотқа дейін реттеу мәселелері бойынша келіссөздерге, татуластыру рәсімдеріне, барлық сатылардағы сот отырыстарына, арбитраждық соттардың, оның ішінде шетелдік соттардың отырыстарына қатысады;

  • сот актілері мен арбитраждық сот шешімдерін орындау өндірісіне қатысады;

  • дауларды шешу мәселелері бойынша, оның ішінде ағылшын тілінде құжаттар (талаптар, талап-арыздар, пікірлер, бітімгершілік келісімдер, өтініштер, өтінішхаттар, шағымдар және т.б.) жасайды.

Сатып алу процесін ұйымдастыру

Сатып алу мәселелері бойынша есептілік ұсыну


Талаптар:

  • Құқықтану/заңтану/халықаралық құқық бағыттары бойынша жоғары білім;

  • Заң ғылымдарының магистрі/құқық магистрі академиялық дәрежесінің болуы;

  • Заң ғылымдарының магистрі/құқық магистрі дәрежесі болмаған жағдайда MBA немесе LLM дәрежесінің болуы міндетті;

  • Өндірістік және/немесе инвестициялық компанияларда және/немесе қаржы институттарында талап-арыз жұмысы/шарттық құқық/корпоративтік құқық салаларында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;

  • Сот процестеріне қатысу және сот істерін жүргізу бойынша расталған тәжірибе;

  • ҚР заңнамасын білу және қолдану дағдылары: азаматтық заңнама, валюталық заңнама, азаматтық іс жүргізу құқығы, әкімшілік құқық, салық құқығы, еңбек құқығы, жер құқығы, кәсіпкерлік құқық, монополияға қарсы заңнама, жер қойнауын пайдалану, агроөнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы секторы, жаңартылатын энергия көздері саласындағы заңнама, заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын реттейтін заңнама (шаруашылық серіктестіктер, акционерлік қоғамдар, консорциумдар және т.б.);

  • ҚР заңнамасын, оның ішінде инвестициялық қызметке қатысты, инвестициялық компаниялардың құқықтық қызметінің негіздерін, бағалы қағаздар нарығын реттеуді, АХҚО қатысушылары қызметін құқықтық реттеу негіздерін, инвестициялық преференциялар мен субсидиялар алу мәселелерін білу;

  • Халықаралық-құқықтық қызмет негіздерін, зияткерлік меншікті реттеуді, тікелей инвестициялар қорларын, инвестициялық қорларды құру және олардың қызметін білу;

  • Халықаралық арбитражды реттеу негіздерін, қазақстандық және шетелдік контрагенттерді ашық дереккөздерден тексеру дағдыларын білу.


Шарттары:

  • Бәсекеге қабілетті еңбек жағдайлары, қызмет нәтижелері бойынша сыйақы;

  • Медициналық сақтандыру;

  • Оқыту және кәсіби даму мүмкіндіктері;

  • Нәтижеге бағытталған кәсіби мамандар командасы;

  • Елорданың іскерлік орталығында орналасқан офис.

Қажетті қабілеттер

  • Инвестиции
  • * Оценка и анализ рентабельности инвестиционных проектов и портфельных инвестиций
  • - Построение расчетных моделей по финансово-экономической и инвестиционой деятельности
  • 3) Опыт привлечения инвесторов;
  • Взаимодействие с государственными органами РК, международными организациями, инвесторами