"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Семей магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Аягөз сигнал беру және байланыс дистанциясының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөніндегі жетекші инженері

409129 - 423515
Аягозская дистанция сигнализации и связи Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
34

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша телеграфтық нұсқауларын, өкімдерін, бұйрықтарын орындау.
  • Экологиялық мәселелер бойынша тауарлар мен қызметтерге өтінімдерді жинақтап құрастыру.
  • Дистанция қызметкерлерін экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша келетін телеграфтық нұсқауларымен таныстыру.
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология, электр қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі білімді тексеру жөніндегі комиссияға қатысу.
  • Мердігерлік ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша келісім-шарттардың орындалуын бақылау.
  • Басшыларды, мамандарды және орта буын басшыларының экологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандандырылған оқу орындарында оқыту жөніндегі жоспардың орындалуын қамтамасыз ету.
  • Дистанция басшылығымен бекітілген тәртіппен кенеттен тексерулер жүргізу.
  • Дистанцияда уәкілетті қадағалау органдарының нұсқамаларын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру және бұзушылықтар бойынша.
  • тексерулер кезінде анықталған және ішкі бақылау жүргізген мамандардың тексеру актілерін орындау.
  • Филиал қызметкерлерінің ЖҚҚ, арнай киім, арнайы аяқ киім киюіне бақылауды орнату.
  • Дистанцияда экологиялық өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша семинарлар мен кеңестерді ұйымдастыру және оған қатысу.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр