«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Түркістан филиалының Шымкент станциясындағы атқыштар командасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі 1-санатты инженер маманы

от 397545
Туркестанский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» Түркістан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
43

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • филиалда еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
  • өндірістік қауіпсіздік жөніндегі бұйрықтардың жобаларын дайындайды;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы ереженің жобасын әзірлейді/жаңартады;
  • филиалда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік жөніндегі жұмыстарды бақылауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
  • iшкi бақылауды жүзеге асырады: - еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау бөлiгiнде Мемлекеттiк еңбек инспекциясы мен мемлекеттiк қадағалау мен бақылаудың өзге де органдарының шешiмдерiн орындау; - арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және басқа да жеке қорғаныш құралдарын сақтауды, жууды, химиялық тазалауды, кептіруді, шаң басуды, дезинфекциялауды және жөндеуді ұйымдастыру және қызметкерлерді ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз ету; - қауіпсіздік және еңбекті қорғау кабинеттерінің жұмысын ұйымдастыру және озық жұмыс тәжірибесін енгізу;
  • басшылардың өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі нормативтерін әзірлейді;
  • филиалдың алдағы жылға арналған индикативтік жоспарын әзірлеуге және оны ағымдағы жылға түзетуге қатысады;
  • еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту жөніндегі кешенді жоспарларды (қажет болған жағдайда) әзірлейді және түзетеді;
  • АЖ, ӨБ мәселелерін реттейтін филиалдың жергілікті актілерін әзірлеуге және өзектендіруге қатысады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Көлік құрылысы; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы.
  • Жұмыс тәжірибесі: өтіліне талап қойылмайды.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр