«KTZ Express» АҚ - «KTZE Commerce» филиалы (Алматы қ.) клиенттермен жұмыс бөлімінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Шарт талаптары мен кеден заңнамасы шеңберінде клиенттермен берік, өндірістік байланыстар орнатуды ұйымдастыру;
- Филиал мен Қоғамның клиенттерімен келіссөздерді дайындауды жүзеге асыруға және оларға қатысуға;
- импорттық жеткізілімдердің көлемін тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға;
- сыртқы сауда ұйымдарымен импорт бойынша өнім жеткізу жөніндегі шарттардың орындалуын бақылауға;
- шетелдік әріптестермен сыртқы сауда шарттарын жасау және жасасу үшін қажетті құжаттардың дайындығы мен сәйкестігін бақылауға және оларға қол қоюға қатысуға;
- тауарларды жеткізу бойынша жасалған сыртқы сауда шарттарының орындалуын бақылауға;
- екінші деңгейдегі банктерде ашық УНК шеңберінде жеткізу және кедендік ресімдеу шарттары бойынша валюталық анықтамаларды уақтылы салыстырып тексеруді бақылау;
- клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кіріс және шығыс хат-хабарлармен жұмыс;
- Филиал басшылығына клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімнің жұмысы туралы есептерді дайындауды бақылау және қамтамасыз ету;
- клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және қызметіне басшылық ету, оның жұмыс нәтижелерін бақылау;
- үздіксіз қызмет көрсету мақсатында (ИМ-40) Қоғамның және Филиалдың жеке шоттарында ақша қаражатының уақтылы орналастырылуын бақылауға;
- дебиторлық берешектің пайда болуына жол бермеу мақсатында клиенттер бөлінісінде жеке карталарды жүргізуді қамтамасыз ету (ТҚжЕ, комиссия)
- әлеуетті клиенттерді тарту және контейнерлік тасымалдар көлемін ұлғайту үшін іс-шараларды (кездесулер, көрмелер, конференциялар) ұйымдастыру, өткізу, қатысу;
- кейіннен Филиалды таныстыра отырып, ақпаратты қамтитын коммерциялық ұсыныстарды қалыптастыруды және тексеруді қамтамасыз етуге;
- клиенттердің жаңа тапсырыстарын ұстап қалу және тарту;
- әлеуетті клиенттермен шарт алдындағы байланыстарды жүзеге асыру;
- клиенттерден шарттар жасасу үшін қажетті құжаттарды жинау, процесті ұйымдастырушылық қамтамасыз ету (келісу), өзгерту/толықтыру (қорытынды).
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника (радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Құрылыс жол және жол шаруашылығы); көлік құрылысы; машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар); инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр