«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі –«ГП Павлодар бөлімшесі» филиалы АЛТЫНТАУ станциясы 4 разрядты жүк және багаж қабылдап тапсырушысы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
-вагондарды беру және жинау ведомостарын (ГУ-46 нысаны), жалпы нысандағы актілерді (ГУ-23 нысаны) жүргізеді және ресімдейді, ВУ-14 тексеру кітаптарын жүргізеді - тиеуге және түсіруге дейін/кейін вагондарды коммерциялық тұрғыдан қабылдайды, тиеу алдында және түсіргеннен кейін вагондарды тазалауды бақылайды - басқарудың автоматтандырылған жүйесіне енгізу үшін сенімді ақпаратты тауар кассасына уақтылы беруді жүргізеді - жылжымалы құрамды тиеуге дайындау кезінде вагондарды жедел қайтарудың қолданыстағы режимдерін және тиеу кезінде вагондардың мамандануын тексереді және сақтайды - тиеуге және түсіруге келетін, сондай-ақ кірме жолдардағы шетелдік көлік құралдарын уақытша әкелу (СВВ), кедендік транзит мерзімін тексереді, кеден органдарын уақтылы хабардар етеді - жүкті тасымалдауға қабылдайды, тиеуді, түсіруді тексереді, жүк алушыларға жүктерді беруді жүзеге асырады - жүк жөнелтуші тасымалдауға қабылдау үшін ұсынатын вагондарға тиек-пломбалау құрылғыларының (БПҚ) дұрыс салынуын тексереді және т. б.Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары, орта (техникалық және кәсіптік), орта
- Мамандығы: Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты бақылау; Коммерциялық қызмет (темір жол көлігі), Тасымалдауды ұйымдастыру және темір жол көлігінде қозғалысты бақылау; Темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыстар; Көлік, көліктік техника және технологиялар Темір жол көлігіндегі тасымалдауды және қозғалысты басқаруды ұйымдастыру
- Жұмыс өтілі: жоғары және орта (техникалық және кәсіптік) – жұмыс тәжірибесіне талаптар қойылмайды, орта – кемінде 3 жыл, оның ішінде 2 жыл пойыз қабылдаушысы
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж