Сарыағаш кластан тыс станциясы бойынша АБЖ операторы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1, Жұмыс басталар алдында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша нұсқамадан өтеді.2, Транзиттік құжаттарды өңдеу жөніндегі агенттен экспорттық хабарламаларда ХЖҚК қосымша жол ведомостарын қабылдайды және олардың ресімделу дұрыстығын тексереді.
3, Экспорттық қатынастардың қосымша жол ведомосін ресімдеудің дұрыстығын поездық тапсыру ведомосымен салыстырады.
4, «Жүктің келу сәті бойынша ауыспалы ақпаратты өңдеу жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес экспорттық қатынас вагондарының қосымша жол ведомостарынан деректерді ЭПД бойынша КЖД АБЖ-ға 253 хабарламасына (тапсыру бойынша өңдеу) енгізеді.
5, Арнайы кітапта берілген 253 қатынасы және КЖД АБЖ туралы мәліметтерді тіркейді.
6, Транзиттік құжаттарды өңдеу жөніндегі агентке КЖД АБЖ-да өңделген қосымша жол ведомосын береді.
7, КЖД БАЖ-ға ақпаратты уақтылы және сапалы енгізуді жүзеге асырады.
8, КЖД АБЖ жұмысы бұзылған (істен шыққан) жағдайда Сарыағаш станциясының ЛОАЖ ауысым инженеріне жүгінуі тиіс.
9, ЖБӘ-де кедендік белгілердің болуын тексереді.
10, КШҚ бойынша дебиторлық берешегі бар вагондар станцияға келген жағдайда станция бойынша кезекшіге вагондарды ағытуға өтінім береді.
11, Темiр жол көлiгi объектiлерiнен жүктер мен материалдық құндылықтарды ұрлау жағдайлары туралы дереу хабарлайды.
12, Станция аумағы бойынша жұмыс орнына және жұмыстан тек арнайы белгіленген қызметтік өту бағыттары бойынша өтуге.
13, ЖБЗҚ-ны шекара қызметіне уақтылы ұсынады.
14. ӨБАЖ жүйесінде жөнелтімдер болмаған кезде ӨБАЖ істен шыққан жағдайда жедел хабарлама дайындайды.
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі)
Жұмыс тәжірибесі: «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша кемінде 1 жыл.
Мүмкіндігінше: поездық ақпаратты және тасымалдау құжаттарын өңдеумен байланысты лауазымдарда.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр