Теміртау желілік-өндірістік басқармасының қойма меңгерушісі

Филиал Управление Магистральных Газопроводов "Караганда" Қарағанды қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
256

   Конкурс туралы
Міндеттері: ​
- қойма алаңдарын неғұрлым ұтымды пайдалануды, қажетті материалдарды, мүкәммалды іздеуді жеңілдету мен жеделдетуді ескере отырып, тауарлық-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және босату, оларды орналастыру бойынша қойма жұмысына басшылық жасайды;
-жиналатын тауар-материалдық құндылықтардың сақталуын, сақтау режимдерінің, кіріс-шығыс құжаттарын ресімдеу және тапсыру тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді;
- өртке қарсы құралдардың болуы мен жарамдылығын, қоймадағы үй-жайлардың, жабдықтар мен Мүкәммалдың жай-күйін бақылайды және оларды уақтылы жөндеуді қамтамасыз етеді;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормаларды, тәртіп пен нұсқаулықтарды сақтай отырып, қоймада тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;
- тиеу деректемелерін жинауды, сақтауды және жеткізушілерге уақтылы қайтаруды қамтамасыз етеді;
- тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге қатысады;
- қойма операцияларының, белгіленген есептіліктің есебін жүргізуді бақылайды;
- жұмыста салық есептілігі мен бухгалтерлік есептің бағдарламалық қамтамасыз етілуін пайдаланады;
-қойма шаруашылығы жұмысының тиімділігін арттыру, тауарлық-материалдық құндылықтарды тасымалдау мен сақтауға арналған шығыстарды қысқарту, қойма шаруашылығын ұйымдастыруға есептеу техникасының, коммуникациялар мен байланыстың заманауи құралдарын енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға қатысады;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Талаптар:
- тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім және есепке алу және бақылау жөніндегі жұмыс өтілі кемінде 1 жыл немесе жалпы орта білім және есепке алу және бақылау жөніндегі жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.