Корпоративтік хатшы қызметінің аға менеджері
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Директорлар кеңесінің қарауы үшін материалдарды уақтылы және сапалы дайындауды және жинауды, сондай-ақ осындай материалдарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді; белгіленген рәсімдерді сақтай отырып, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар дайындауды және Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылды қоса алғанда, Директорлар кеңесінің және оның комитеттерінің отырыстарын дайындауды және өткізуді ұйымдастырады; Директорлар кеңесінің хаттамаларына үзінді көшірмелер мен қосымшаларды қалыптастырады және жібереді, Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің жұмыс жоспарларын әзірлеуге және өзектендіруге қатысады; Директорлар кеңесі, оның комитеттері, Корпоративтік хатшы, басқарма және Қоғамның құрылымдық бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды және ақпараттық алмасуды қамтамасыз етеді, отырыстарға қатысу және шешімдердің орындалуын бақылау мәселелері бойынша баяндамашылармен және жауапты тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды; тәуелсіз директорлармен шарттарды, сыйақы төлеуді, шығыстарды өтеуді, сондай-ақ жол жүруді және тұруды ұйымдастыруды басқарады; Директорлар кеңесінің жаңадан сайланған мүшелері мен сарапшыларын лауазымға енгізу бағдарламасын қалыптастырады және өзектендіреді; отырыстардың хаттамалары мен материалдарын қоса алғанда, Директорлар кеңесі мен комитеттердің қызметіне байланысты құжаттардың сақталуын, сондай-ақ оларды қоғам мұрағатына беруді қамтамасыз етеді; қызметтің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ішкі құжаттардың жобаларын қарайды; Директорлар кеңесі мен Корпоративтік хатшы қызметінің мүшелерін оқыту мен біліктілігін арттыруды басқарады; корпоративтік рәсімдердің, корпоративтік басқару регламенттері мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді, корпоративтік іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады және корпоративтік хатшы қызметінің процестерін оңтайландыру үшін заманауи құралдар мен технологияларды енгізуге жәрдемдеседі.Талаптары:
Білімі: корпоративтік құқық немесе корпоративтік басқару білімі бар экономика және/немесе заң саласындағы жоғары кәсіптік білім.
Экономика және / немесе заң саласында магистр дәрежесінің болғаны жөн
Жұмыс тәжірибесі: кемінде үш жыл, оның ішінде экономика және/немесе корпоративтік басқару саласында жұмыс тәжірибесінің болуы
Мемлекеттік тілді еркін меңгерген, ағылшын тілін Intermediate деңгейінен төмен емес білген жөн
Шарттары:
ҚР ЕК сәйкес ресімдеу.
Сынақ мерзімі-3 ай.
Бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс - сенбі және жексенбі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Орташа)
- Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
Ұқсас вакансиялар
Заң департаменті Халықаралық құқықтық жұмыс бөлімінің бас менеджері 4.2.Р
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
07.02.2026 | 2317
«KTZ Express» АҚ - «KTZE Commerce» филиалы (Алматы қ.) мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бөлімінің бас маманы
филиал АО «KTZ Express» - «KTZE Commerce» | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
04.03.2026 | 1283
466676 - 494676