«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі»филиалы Орал жол дистанциясы еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология қызметінің жетекші инженері

409129 - 423036
Уральская дистанция пути Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
148

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау мәселелері бойынша кешенді іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
  • Қажетті құжаттаманы ресімдеу, экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында кеңестер өткізу негізінде әзірленген хаттамалық шешімдерді, іс-шараларды орындау;
  • Дистанция қызметкерлерін экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша телеграф нұсқауларымен таныстыру;
  • Мамандандырылған оқу орындарында экологиялық және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша басшыларды, мамандарды және орта буын басшыларын оқыту жөніндегі жоспардың орындалуын қамтамасыз ету;
  • Филиал қызметкерлерінің арнайы киім, арнайы аяқ киім және ЖҚҚ киюіне бақылау орнату;
  • КTZ HSE жүйесінің қосымшасында тіркеумен жұмыстарды, бұзушылықтарды (ескертулерді) тексеруді және жоюды жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білім: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Көлік, көлік жабдықтары және технологиясы (вагондар, локомотивтер және электр жылжымалы құрамы); Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру (теміржол көлігі); Электротехника (радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Өмір қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (теміржол құрылысы; жол және жол құрылыстары); Көлік құрылысы; Машина жасау (технологиялық машиналар мен жабдықтар); Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы.
  • Жұмыс тәжірибесі: жұмыс бейіні бойынша кемінде 5 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр