«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС - «Ақмола» филиалының ГПФ-1 поездар тартымына және шаруашылық мұқтаждарына электр энергиясын бөлу және бақылау қызметінің сарапшысы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Электр энергиясын нақты жеткізу және көрсетілген қызметтер актілерін жинау, салыстыру және келісу, кейіннен жеткізушілердің атына хат-хабар жіберу.
- Мемлекеттік органдардың сұраныстары бойынша құжаттарды дайындау.
- Тұтастай Серіктестік бойынша, филиалдар мен жоспарланған кезеңдер бойынша бөле отырып, пойыздардың тартымына ОЭР жылдық қажеттілігінің есептерін орындау, қажетті түзетулер енгізу
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаментіне тарифтер мен тарифтік сметаны бекіту үшін құжаттарды, тізілімдер мен есептерді ұсыну.
- Филиалдардан электр энергиясының шығыстары бойынша есептерді растайтын құжаттармен (авр, эсф) жинау және тексеру
- Бухгалтерлік есеп департаментіне сомалар бойынша күтілетін және нақты шығыстар бойынша есептер ұсыну
- Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментіне тұтынылған электр энергиясының көлемі бойынша күтілетін және нақты шығыстар бойынша есептерді ұсыну
- ҚР электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес алдын ала төлем жүйесі бойынша жоспарлы электр энергиясын сатып алу көлемі үшін қаржылық өзара есеп айырысуды жүргізуге арналған өтінімді қалыптастырады және ресімдейді
- Өнім берушілерге алдын ала төлем жүйесі бойынша төлемдер жүргізу үшін төлем күнтізбесін уақтылы қалыптастыру;
- Алдағы және келесі жылға электр қуатын тұтынуға болжамды өтінімдерді қалыптастырады, жүйелік оператормен келіседі, болжамды сұранысқа осы өтінім электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге шарт жасасуға негіз болып табылады.
- Жыл сайын 1 тамызға дейін Бірыңғай сатып алушыға айларға бөле отырып, алдағы жылға арналған электр энергиясын тұтынудың болжамды көлемдері туралы ақпарат жібереді
- Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шарттарын, сондай-ақ қосылу шартын жасасу.
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Локомотивтер және локомотив шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару); Есеп және аудит; Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау.
Жұмыс тәжірибесі: тиісті салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
Ұқсас вакансиялар