Заң департаментінің маманы (аутстаффинг)
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
-
10.02.2026
- Берілген өтінім:
- 34
- Қаралған саны:
- 775
Функционалдық міндеттері:
- Қоғам Басқармасы отырыстарының күн тәртібін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
- Қоғам басқармасына ұсынылған мәселенің сипатын талдайды;
- Қоғам Басқармасының қарауына шығарылатын мәселенің материалдарында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге сілтемелердің сәйкестігін тексереді;
- Шешімдердің, түсіндірме жазбалардың және басқа да ұсынылған құжаттардың жобаларын тексеруді жүзеге асырады, оларға ескертулер мен ұсыныстар береді;
- Қоғам Басқармасының шешімдері қабылданған мәселелердің тізілімін жүргізеді;
- Қоғам Басқармасы шешімдерінің орындалуына мониторинг жүргізеді;
- Қоғамның Басқарма мүшелері мен Басқарма мүшелерінің Қоғамның құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
- Басқарма хаттамалары мен олардың материалдарының сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың мұрағатқа уақтылы берілуін қамтамасыз етеді;
- Басқарма мүшелеріне Басқарманың қарауына шығарылатын мәселелер бойынша материалдар ұсынады;
- Басқарма хаттамаларын жүргізеді және шешімдерді ресімдейді;
- Осы Ережеде белгіленген тәртіппен қол қоюды, хаттамалар мен шешімдерге қол қоюды қамтамасыз етеді;
- Басқарманың хаттамаларын (шешімдерін), сондай-ақ басқарма қараған мәселелер бойынша материалдардың түпнұсқаларын сақтайды және жыл аяқталғаннан кейін белгіленген тәртіппен құжаттарды қоғам мұрағатына тапсырады;
- Қоғам Жарғысының және Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес Басқарма отырыстарын дайындау және өткізу жөнінде қажетті шаралар қабылдайды;
- Басқарма отырысының өткізілетін күні, уақыты мен орны және (немесе) күн тәртібі өзгерген жағдайда, бұл туралы басқарманың барлық мүшелерін дереу хабардар етеді;
- Күндізгі отырыста болмаған Басқарма мүшелерінің жазбаша пікірлерін жинайды және оларды қоғамның басқарма төрағасына береді;
- Басқарма қабылдаған шешімдерді мүдделі тұлғаларға хаттамаға (шешімге) қол қойылған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оларға шешімдерден үзінді көшірме Жолдау арқылы жеткізеді;
- Басқарманың жаңадан сайланған мүшелерінің назарына қоғамда әрекет ететін басқарма жұмысының тәртібін жеткізеді, Басқарма туралы Ережемен таныстырады және Басқарма мүшелерінің өз міндеттерін тиісінше орындауы үшін маңызы бар өзге де ақпаратты ұсынады;
- Қоғам қызметінің тиісті бағыты бойынша Қоғам Басқармасы Төрағасының орынбасарларынан, басқарушы директорлардан, сондай-ақ Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларынан Қоғам Басқармасының жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттарды сұратады;
- Басқарма төрағасының орынбасарларынан Қоғам қызметінің тиісті бағыты бойынша басқарушы директорлардан, сондай-ақ құрылымдық бөлімшелер басшыларынан басқарма шешімдерінің орындалуы туралы ақпарат сұратады;
- Басқарма Төрағасының тапсырмасы бойынша басқарма шешімдерінің орындалуы бойынша есептерді қалыптастырады және ұсынады;
- Қоғамның жарғысында, қоғамды басқару туралы Ережеде және қоғамның басқа да бекітілген ішкі құжаттарында көзделген өзге де міндеттерді орындайды.
Білімі: жоғары заң білімі
Жұмыс тәжірибесі: Құқықтану саласында кемінде 5 жыл.
Оның ішінде жұмыс тәжірибесінің болуы: Қоғамда және/немесе аффилиирленген ұйымдарда (мұнай-газ саласында) кемінде 3 жыл
Шарттар:
РК ТК-не сәйкес ресімдеу аутстаффинг секторында.
Сынақ мерзімі - 3 ай.
Бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс күні - сенбі және жексенбі.Ұқсас вакансиялар
Құқықтық сүйемелдеу департаментінің бас менеджері
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
02.04.2026 | 640
Құқықтық сүйемелдеу департаментінің менеджері
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
01.04.2026 | 254
Корпоративный секретарь
«ҚМГ Қашаған Б.В.» ЖШЖК | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
30.03.2026 | 633