«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС-«ЖТ Ақмола бөлімшесі» филиалының Астана қ. ЕДЦУ габаритті емес жүктермен және арнайы тасымалдармен жұмыс жөніндегі бөлімінің инженер-технологы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Мемлекеттік, қызметтік немесе коммерциялық құпияны қамтитын мәліметтерді қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді
- Құпия ақпаратты қорғау бойынша белгіленген іс-шараларды орындайды
- СМЖ регламенттеріне сәйкес жұмыс құжаттамасын жүргізеді
- Сапаны бақылау, құжат айналымы, процестерді сәйкестендіру және қадағалау рәсімдерін сақтайды
- Құжаттарды дайындау және тасымалдау келісімдерін орындау кезінде стандарттар талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді
- Өз бағыты бойынша істер номенклатурасын қалыптастырады, жүргізеді және өзектендіреді
- Құжаттардың дұрыс ресімделуін және мұрағатқа берілуін қамтамасыз етеді
- Құжат айналымының электрондық тізілімдерін қолдайды
- Тасымалдауға және келісуге қатысты құжаттаманың толықтығын, дұрыстығын және уақтылы орындалуын бақылайды
- Жағдайларды талдауды, құжаттарды дайындауды, келісулер жүргізуді, қатысы бар қызметтерді хабардар етуді және орындау туралы есептерді ұсынуды қоса алғанда, серіктестік басшылығының тапсырмаларын орындайды
- "ҚБП" белгісі бар материалдарды қоса алғанда, құжаттаманың барлық түрлерін тіркеуді жүзеге асырады
- Құжаттарды орындаушыларға беруді және орындалу мерзімдерін бақылауды қамтамасыз етеді
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Саладағы мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); темір жол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыс, темір жол көлігіндегі көлік логистикасы.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл, оның ішінде тауар кассирі/жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы лауазымдарында кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар