"ҚМГ Инжиниринг" ЖШС ТШО жобаларды сүйемелдеу басқармасының сарапшысы

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
48

Қаралған саны:
697

   Конкурс туралы
Талаптар
Лауазымдық нұсқаулық бойынша біліктілік талаптары
Талап етілетін біліктілік
Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік) Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі Ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе лауазымдағы функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда бейіні бойынша кемінде 6 жыл, кемінде 3 жыл
Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі
Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі Қажет емес
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
- Қазақ тілін білу;
- Мұнай, газ және газконденсат кен орындарын игеру және пайдалану технологиялары, кәсіпшілік геология және көмірсутек шикізаты қорларын есептеу, оның ішінде халықаралық стандарттар бойынша;
- Ұңғымаларды зерттеудің геофизикалық және гидродинамикалық әдістері, сынақ нәтижелерін интерпретациялау;
- Қабаттардың мұнай-газ бергіштігін арттыру әдістері, ұңғымалық мұнай өндіру;
- Мұнай-газ ісінің негіздері;
- Мұнай, газ және газконденсат кен орындарын игеру мен пайдаланудың технологиялық негіздері;
- Мұнай-газ саласындағы жобалардың өмірлік циклінің кезеңдері және олардың негізгі ерекшеліктері;
- Ақпаратты жүйелеу және талдау;
- Мемлекеттік тілді және/немесе орыс, ағылшын тілдерін білу.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Көмірсутек кен орындарын игеру жай-күйін талдау, геология және игеру саласындағы жобалық құжаттарға сараптамалық қорытындылар мен рецензиялар дайындау дағдылары;
- Игерудің болжамдық сценарийлерін жасау, оларды аналитикалық әдістермен де, мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы да есептеу дағдылары;
- Оператордың цифрлық модельдерімен жұмыс істеу дағдылары;
- MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook) бағдарламаларын пайдалану;
- Заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу;
- Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану;
- Презентациялар өткізу, іскерлік қарым-қатынас пен хат алмасу;
- Пәнаралық командада тиімді өзара іс-қимыл жасау.
Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттер:
- Жобаларды іске асыру шеңберінде кен орындарын игеру және геолого-гидродинамикалық модельдеу бөлігінде жобалық шешімдерді талдайды және сүйемелдейді, ұсынымдар береді;
- Кен орындары бойынша бастапқы деректерді шоғырландырады және игеру нұсқаларын есептеуді жүзеге асырады;
- Мұнай-газ және газконденсат кен орындарын игеру жүйесін жобалау және жетілдіруді қалыптастырады, геологиялық-техникалық іс-шаралар, қабаттардың мұнай бергіштігін арттыру/ұзарту әдістері (МПН), МПН тиімділігінің техникалық-экономикалық бағасы және игеру нұсқалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
- Іске асырылып жатқан инвестициялық/капиталдық жобалар бойынша фазалық ауысулар кезінде шешім қабылдауды негіздеу құжаттамасы (DSP) пакеттерін геология және игеру бөлігінде талдайды;
- Өндіру, айдау, ұңғымалардың жұмыс режимдері, қысымдар мен перфорация бойынша деректер базасын, оның ішінде КНП кен орындарын геолого-гидродинамикалық модельдеуге арналған деректер базасын қалыптастыру жұмыстарын жүзеге асырады;
- Игеру, геолого-гидродинамикалық модельдеу, модельдерге сараптама, мұнай бергіштікті арттыру технологиялары, игеру нұсқаларын есептеу, жобалар мен зерттеу жұмыстары бойынша технологиялардың тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша қорытындылар мен ұсынымдар дайындайды;
- Мұнай-газ кен орындарын игеру және пайдалану бойынша жобалық құжаттарды мониторингтеу және сараптау;
- Гидродинамикалық модельдеуге арналған есептік файлдарды, баламалы игеру нұсқаларын дайындайды, алынған нәтижелерді интерпретациялайды;
- Қарауындағы кен орындары бойынша игеру, геолого-гидродинамикалық модельдеу, модельдерге сараптама, мұнай бергіштікті арттыру технологиялары, игеру нұсқаларын есептеу және технологиялардың тиімділігін бағалау мәселелері бойынша жобалық және атқарушылық құжаттамаға сараптама жүргізеді;
- Кен орындарын толық ауқымды және ұзақ мерзімді дамыту бойынша тұжырымдамалық шешімдерді айқындайды;
- Өндірістік бағдарлама міндеттерін іске асыруға, жобаларды консультациялық және ғылыми-техникалық сүйемелдеу бөлігінде қатысады;
- СОТУ-ның аффилиирленген жұмыс өтінімдерін орындау шеңберінде қызметтер көрсету бойынша міндеттерді орындайды;
- Нормативтік талаптардың сақталуын, құжаттаманың сапалы рәсімделуін, оны келісудің белгіленген тәртібі мен жоба мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
- Департамент туралы ережеге және осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес міндеттер мен функцияларды орындайды;
- Штаттық кестеге сәйкес тікелей басшысының және жоғары тұрған басшылықтың тапсырмаларын орындайды;
- Серіктестіктің ішкі құжаттарын және стандарттау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуге қатысады;
- Осы нұсқаулықта көрсетілген уақытша болмаған қызметкерді алмастырады;
- Оператор компаниялары мен ҚМГ-нің техникалық кеңестеріне, комитеттеріне және жұмыс топтарына қатысады;
- Серіктестіктің филиалдарымен, жер қойнауын пайдаланушылармен және «ҚМГ» ҰК-мен ТШО жобаларын консультациялық және ғылыми-техникалық сүйемелдеу, сондай-ақ аффилиирленген жұмыс өтінімдері (AWO) бойынша қызметтер көрсету шеңберінде жедел бақылау мен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
- Өз біліктілігін үнемі арттырумен айналысады, ғылым, техника және технология салаларындағы соңғы жетістіктерді, жобалаудың озық әдістерін қадағалайды;
- Еңбек шартына және осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жүктелген міндеттерді орындайды;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
- Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтайды;
- Қызмет бағытына және атқаратын жұмысының мазмұнына қатысты өзге де тапсырмаларды орындайды;
- Осы нұсқаулықта көрсетілген уақытша болмаған қызметкерді алмастырады.
Ерекше шарттар: *
жоқ
Ескерту: **
жоқ

Анықтама:
* Сирек кездесетін мамандардың қажеттілігі және бос жұмыс орнының күрделілігі туралы ақпарат.
** Босатылған позиция туралы ақпарат (қызметкермен еңбек шартын бұзу, ұйымдық құрылымды өзгерту кезінде, оқу демалысы, жүктілік және босану бойынша демалыс, жалақы сақталмайтын демалыс (ұзақ демалыс), зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкердің зейнетке шығуы және т. б.)