Қазандық-турбина-1 цехының 1-санатты инженері (қазандық қадағалау жөніндегі)

379892 - 399892 KZT
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
6

Қаралған саны:
165

   Конкурс туралы

МІНДЕТТЕРІ:

Сенімді жұмысты қамтамасыз ету мақсатында қазандық қадағалауына қарасты жабдықтардың жұмысына техникалық қадағалауды жүзеге асырады. Ақаулар немесе Ережелердің талаптарынан, аварияға қарсы циркулярлардан, дайындаушы зауыттардың ұсыныстары мен нормативтік материалдардан ауытқулар анықталған жағдайда, оларды жою бойынша дереу шаралар қолданады;
Қазандық қадағалауына қарасты жабдықтардың жай-күйі мен анықталған ақаулары туралы ақпаратты цех бастығына ұсынады;
Технологиялық жабдықтардың жұмысындағы бұзылу себептерін анықтайды және осы бұзылулар мен зақымдануларды жою бойынша техникалық басшылықты жүзеге асырады;
Қазандық қадағалауына қарасты жабдықтарды жөндеу бойынша жұмыс көлемдерін жасауға қатысады;
Монтаждау және жөндеу ұйымдарынан қазандық қадағалауына қарасты жабдықтарды монтаждау және жөндеу бойынша дәнекерлеу құжаттамасын тексереді және қабылдайды;
Кәсіпорын теңгеріміндегі (ТЖ органдарында тіркелген және тіркеуге жатпайтын) жабдықтарды есепке алу және куәландыру кітабын жүргізеді;
Қазандық қадағалау нысандарын техникалық куәландыруға дайындауды және уақтылы ұсынуды қадағалайды;
Кәсіпорынның бас инженеріне бекітуге: күнтізбелік жылға арналған қазандықтарды, ыдыстар мен құбыржолдарды мерзімді техникалық куәландыру кестелерін; алдағы жылға арналған жедел жұмыс жоспарын; қызмет мерзімі өткен нысандарды техникалық диагностикалау кестелерін жасайды және ұсынады;
Қазандық қадағалау нысандарын тексеруге және техникалық куәландыруға қатысады;
Қазандық қадағалау нысандарына мерзімді техникалық куәландыру жүргізеді;
Талаптарда белгіленген жұмысшыларды оқыту және оларды қазандық қадағалау нысандарына қызмет көрсетуге жіберу тәртібінің сақталуын тексереді, сондай-ақ қызмет көрсетуші персоналдың өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша білімін аттестаттау және мерзімді тексеру комиссияларына қатысады;
ТЖ департаменті органдары берген нұсқамалардың орындалуын бақылайды;
Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуге қойылатын белгіленген талаптардың сақталуын бақылайды;
Техникалық пайдаланудың, техника қауіпсіздігінің, Өрт қауіпсіздігі ережелерінің (ӨҚЕ) және пайдалану жөніндегі нұсқаулықтардың орындалуын бақылайды;
Нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуге және пайдалануды жетілдіру мен жабдықтардың сенімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады;
Жабдықтарды жөндеуден кейін құбыржол учаскелерін кесу және қайта дәнекерлеу, арматураны ауыстыру, тіректерді реттеу және жылу оқшаулағышын ауыстыру жұмыстарын тексеруге қатысады;
Құбыржолдарды пайдалану кезінде олардың жылулық орын ауыстыру көрсеткіштерінің өлшемдерін және олардың индикатор көрсеткіштері бойынша есептік мәндерге сәйкестігін, жылулық орын ауыстыру көрсеткіштерінің (ЖОК) іс жүзіндегі орнына сәйкестігін бақылайды;
Дренаждық желілердің болуын, көлденең учаскелердің еңісі кемінде 0,004 (ортаның қозғалыс бағыты бойынша) болуын бақылайды;
Жабдық элементтері металының күйіндегі өзгерістерді бағалау үшін металды бақылау бойынша жұмыс көлемдерін жасауға қатысады;
Жұмыста негізгі жабдықтарды пайдалану және жөндеу жөніндегі техникалық құжаттаманы, зауыттық құжаттаманы, қазандықтардың, ыдыстардың, құбыржолдардың паспорттарын басшылыққа алады;
ТЖ департаменті органдарымен жоспарлы тексерулер кезінде құжаттаманы ұсынады;
Мінез-құлық кодексін сақтайды.

ТАЛАПТАР:

- Білім деңгейі/бейіні: Жылу энергетикасы, энергетика бағыттары бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) техникалық білім немесе қысыммен жұмыс істейтін құбыржолдар мен түтіктерді жобалаумен, пайдаланумен, жөндеумен және диагностикалаумен байланысты өзге де техникалық білімі бар.
- Кәсіби ортадағы жұмыс тәжірибесі (бейіні/ұзақтығы): II санатты инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жылды құрауы керек.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы