Электрхимиялық қорғау қызметінің 2 санатты ЭХҚ инженері
Филиал "Управление магистральных газопроводов "Алматы" Талдықорған қ.Міндеттері:
-
Басшылық пен Филиалдың талабы бойынша жедел, талдамалық, техникалық және басқа да қажетті ақпаратты ұсынады; жабдыққа техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді уақтылы орындау кезінде қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес объектілерді коррозиядан электрхимиялық қорғау құралдарының жұмысының ұзақтығы мен уақыты бойынша оңтайлы пайдалану режимдерін қамтамасыз етеді; магистральдық газ құбырларының, газ құбырлары-бұрмалардың, газ тарату станцияларының жерасты коммуникацияларының және оларды қорғау құралдарының желілік бөлігінің объектілеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі өндірістік бағдарламаға сәйкес магистральдық газ құбыры объектілерінің коррозиялық жай-күйіне электрметриялық және аспаптық зерттеп-қарауды уақтылы жүргізеді; магистральдық газ құбырларының құрылыстарын жер асты коррозиясынан қорғаудың заманауи әдістері мен құралдарын пайдалануда қолданады, коррозиядан қорғау құралдарының сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстарды орындауға жәрдемдеседі; магистральдық газ құбырларының коррозиялық жай-күйіне жүйелі талдау жүргізеді; коррозияға қарсы қорғау құралдарын жөндеу және қайта жаңғырту жөніндегі жұмыстарды ағымдағы және перспективалық жоспарлауға қатысады; пайдалану және есеп беру құжаттамасын жүргізе отырып, пайдаланылатын негізгі жабдықты паспорттауды жүзеге асырады; материалдық-техникалық құралдарға қажеттілікті айқындайды, оларды сатып алуға өтінімдер жасайды; еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын ескере отырып, күзгі-қысқы, су тасқыны кезеңдерінде және басқа да қалыптан тыс климаттық жағдайларда жұмыс жүргізеді; апаттарды, істен шығулар мен өндірістік ақауларды жоюға, магистральдық газ құбырларын, газ тарату станцияларын және газ құбыры-бұрмаларын электрхимиялық қорғау құралдарында жоспарлы және апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қатысады; апаттарды жою жоспарын өзектендіруге қатысады; Филиалдың магистральдық газ құбырларының қиылысуы мен жанасуына арналған техникалық шарттардың жобалары үшін ахуалдық схемалар жасай отырып, тексеру актілерін қалыптастырады; ЕКҚҚЖ талаптарына сәйкес қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын жасауға және қамтамасыз етуге, өндірістік және еңбек тәртібін нығайтуға және жұмыс орнында тәртіпті сақтауға бағытталған қызметті жүзеге асырады; Электрхимиялық қорғау қызметі қызметкерлерінің денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесінің құжаттамасында белгіленген талаптарды сақтауына еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың, өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне өндірістік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады; ЖӨБ жедел бақылауының 1 және 2 деңгейлеріне қатысады, іс-шараларды жоспарлайды және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйін жақсарту мақсатында олардың орындалуын қамтамасыз етеді; Филиал мен Қоғамның өндірістік бақылауының 3-7 деңгейлерінің қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылаушы органдарының нұсқамаларын жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және орындауға қатысады.
Талаптар:
- Жоғары техникалық;
- Жалпы жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес, кәсіптік салада 3 жылдан кем емес.
Тұрғылықты жері:
Талдықорған қаласы.Қажетті қабілеттер
- - Закон Республики Казахстан «О газе и газоснабжении»
- - Закон Республики Казахстан «О магистральном трубопроводе»
Ұқсас вакансиялар