«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Шиелі стансасының тасымал құжаттарын өңдеу операторы

от 204316
Кызылординское отделение магистральной сети Шиелі а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
59

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1.
Кезекшілікке кіріскен кезде станциялық жолдарда тұрған вагондардың бар-жоғымен және оларға тиесілі тасымалдау құжаттарының болуымен танысуға міндетті.
Әр ауысым сайын
Ауысымның басы
2.
Поездар мен вагондардың келуі және жөнелтілуі бойынша жүк тасымалдау құжаттарын өңдеу.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
3.
Телеграмма–натуралдық парақтағы деректердің негізгі тасымалдау құжаттарына сәйкес белгіленуін тексеру.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
4.
Жұмыс істемейтін паркпен жұмыстарды жүргізу (жолдарда есептен шығару, АСУ СТ жүйесіне енгізу).
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
5.
Технологияға қатаң сәйкес, вагондар мен поездарға қатысты барлық операцияларды АСУ СТ жүйесіне сапалы және уақтылы енгізу.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
6.
Келген поезд бойынша ТГНЛ деректерін АСУ СТ жүйесіне енгізу арқылы түзету.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
7.
25 тәуліктен артық тұрған және ұзақ уақыт бос тұрған вагондар бойынша (нөмірлік) анықтама дайындау, кідіріс себептерін анықтау және олардың станциядан уақтылы жөнелтілуін қамтамасыз ету.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
8.
Транзиттік поездармен жартылай және толық өңдеу операцияларын орындау (ағыту, тіркеу және т.б.).
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
9.
СМГС тасымалдау құжатының бір парағы болмаған жағдайда жалпы нысандағы актімен рәсімдеп, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі аға операторға тапсырады.
Техникалық ақау себебінен вагондар ағытылғанда жалпы нысандағы акт жасалып, ПСГ-ға беріледі, акт ашу үшін және жөнелту станциясына әрі меншік иелеріне жедел хабарлама жіберіледі.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
10.
Поезд тарқатуға келген кезде құрамды ДУ-1 натуралдық парағымен салыстырып тексеру, тасымалдау құжаттарын және жүктің кедендік транзит мерзімін бақылау. Белгіленген мерзім бұзылған жағдайда басшылыққа хабарлау.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
11.
Өз поезын қалыптастыру кезінде құрамды натурадан есепке алу, тасымалдау құжаттарын тексеру және АСУ СТ жүйесіне 02-хабарлама бойынша жіберу.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
12.
Натуралдық парақтарды жасау, поездардың дұрыс қалыптастырылуын, салмақ пен ұзындық нормаларының сақталуын, арнайы шарттарды талап ететін жылжымалы құрамның, әскери тасымалдардың және тез бұзылатын жүктердің жеткізу мерзімдерін бақылау.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
13.
Өз тиеуіндегі вагондарға арналған құжаттарды тауар кеңсесі қызметкерлерінен қолхат арқылы қабылдап, ГУ-48 нысанындағы құжаттарды қабылдау кітабына тіркеу.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
14.
5072 анықтамаларын (бөгде және КЗХ вагондары) және 1561 анықтамасын – вагондардың жалпы бар-жоғын тексеру.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
15.
Станциядағы вагондардың нақты санын үздіксіз есепке алу және АСУ СТ жүйесіндегі деректермен салыстыру.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
16.
Номенклатуралық жүктердің есебін жүргізу және ХУ-5 кітабы бойынша ВЖДО күзетіне тапсыру.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
17.
Жергілікті вагондардың құжаттарына станцияның күнтізбелік мөрін (поезд нөмірі мен келу уақыты көрсетіле отырып) қою, құжаттарды аға қабылдап-өткізушіге қолхатпен тапсыру.
Құжатсыз вагондар немесе вагонсыз құжаттар келген жағдайда ГУ-23 жалпы нысандағы акт жасау және тексеру шараларын жүргізу.
Кеден одағының кеден заңнамасы саласындағы әкімшілік жауапкершіліктің сақталуын бақылау.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
18.
Келетін және жөнелтілетін поездар бойынша ақпаратты қабылдау және беру, өңдеумен өтетін барлық поездарға АСУ СТ жүйесінен 24-анықтама сұратып, машинист маршрутына қоса беру.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
19.
Жұмыс орнындағы тасымалдау құжаттарының, материалдардың, құрал-жабдықтар мен мүліктің сақталуын қамтамасыз ету.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
20.
Жүктер мен материалдық құндылықтарды ұрлау деректері немесе станциялық жолдарда күмәнді бөгде адамдар анықталған жағдайда тікелей басшысына дереу хабарлау.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
21.
ДУ-1 нысанындағы телеграмма–натуралдық парақтардың дұрыс рәсімделуін қамтамасыз ету.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
22.
Техникалық құралдарды тиімді пайдалану арқылы СТЦ пунктінің жұмысын жетілдіруге және еңбек өнімділігін арттыруға қатысу.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
23.
Тауар кассасынан тасымалдау құжаттарын қабылдау кезінде және поездарды тарқату мен қалыптастыру барысында СМГС-тің 24-графасына сәйкес құжаттарды (шот-фактура, ГТД, ветеринариялық куәлік, сертификаттар және т.б.) тексеру.
25 және 28-графалар бойынша кедендік транзит мерзімі туралы белгісінің болуын бақылау.
Құжаттардың бірі болмаған жағдайда вагондарды анықталғанға дейін ағытып, ГУ-23 жалпы нысандағы акт жасап, алдыңғы қалыптастыру станциясына, жөнелту және тағайындау станцияларына хабарлау.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
24.
Қоғамның телеграфтық нұсқауларына сәйкес жүргізілетін вагондар мен контейнерлерді қайта санауға қатысу.
Жүк вагондары паркін түгендеу.
Белгіленген мерзімде
25.
Поездарды қалыптастыру жоспарының, салмақ және ұзындық нормаларының қатаң сақталуын бақылау.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
26.
ДУ-1 нысанындағы телеграмма–натуралдық парақтар тігілген папкаларды сақтау үшін акт үстеліне уақтылы тапсыру.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
27.
Өз функционалдық міндеттерін орындау мәселелері бойынша Филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерінің жауапты тұлғаларымен өзара іс-қимыл жасау.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
28.
Өңдеусіз өтетін транзиттік поездар бойынша ВУ-14 журналындағы жазбалармен бас және соңғы вагон нөмірлерін натурамен салыстыру.
Өңдеумен өтетін барлық поездар, өз поездары және жеке тұрған вагон топтары нақты орналасу тәртібімен натурадан есепке алынады.
Әрбір есепке алынған вагон мен поезд натуралдық парақпен салыстырылып, тиісті поездың натуралдық парағына тіркеледі.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
29.
Поездар, вагондар, контейнерлер, локомотивтер және басқа да жылжымалы бірліктер туралы хабарламалардың ақпараттық жүйелерге уақтылы, толық және нақты берілуін бақылау.
Басқа мемлекеттерге тиесілі вагондардың филиал шегіндегі болуын және оларды уақтылы тапсыруды бақылау.
АСОУП, АСУ СТ, АСУ ДКР, ГИД «Урал» жүйелеріне ақпарат енгізудің толықтығын, дұрыстығын және уақыттылығын талдау.
№270-Ц 25.05.2010 ж. бұйрығына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету.
Әр ауысым сайын
Ауысым барысында
30.
Айына 2 рет техникалық сабақтарға қатысу.
Жоспар бойынша
Кестеге сәйкес

Біліктілік талаптары:

1. Білім деңгейі, білімдері
Білім деңгейі:
Міндетті: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) немесе орта (техникалық және кәсіптік) білім, орта білім.
Білімдері:
Міндетті: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Компания) және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі» филиалының қызмет бейіні бойынша жергілікті актілерін білу.
Қалаулы: коммуникабельділік, іскерлік қасиеттер, ұжымда серіктестік қарым-қатынасты сақтай білу.
2. Мамандығы
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі):
Көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (теміржол көлігі).
Орта (техникалық және кәсіптік):
Теміржол көлігіндегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару.
3. Жұмыс тәжірибесі*
Қызмет бейіні бойынша:
Міндетті және қалаулы: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және орта (техникалық және кәсіптік) білім бойынша еңбек өтіліне талап қойылмайды.
Орта білім бойынша – станция операторы (вагондарды тізімдеу бойынша) / пойыздық және тасымалдау құжаттарын жеткізуші лауазымдарында кемінде 1 жыл.
Басшылық лауазымында: талап етілмейді.
4. Дағдылар
Міндетті:
Менеджмент жүйесі мен тәуекел-менеджмент құралдарын меңгеру; Компанияның еңбек ресурстарына қажеттілікті есептеу, даму жоспарларын әзірлеу және іске асыруды ұйымдастыру; қойылған міндеттердің ерекшеліктерін ескере отырып, жетекшілік ететін бөлімшелердің жұмысын жүйелі жоспарлау; ұзақ мерзімді жұмыс жоспарларын іске асыру және жұмыс барысында басымдықтарды дұрыс айқындау, сондай-ақ жұмыс уақытын тиімді бөлу.
Қалаулы:
Әртүрлі көзқарастар арасында келісім таба білу және сындарлы диалог жүргізу; командада жұмыс істеу, көшбасшылық және коммуникативтік дағдыларға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетіне ие болу.

Қосымша талаптар:

еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау;
Компания басшылығының және тікелей басшының тапсырмаларын орындау;
іскерлік этика нормаларын және корпоративтік мәдениетті сақтау;
Компанияның құпиялылық талаптарын және жергілікті актілерін бұзбай, сенімді ақпаратты уақтылы ұсыну;
өзінің пайдалануындағы мүлікке ұқыпты қарау, оның сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа қызметкерлердің мүлкіне ұқыпты қарау;
жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және өндірістік санитария талаптарын сақтау;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, комплаенс мәдениетін қалыптастыру, іскерлік беделді нығайту және Серіктестікке деген сенімді арттыру шеңберінде төмендегілерді жүзеге асыру:
а) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар мен рәсімдерді қалыптастыруға және іске асыруға белсенді қатысу;
б) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын, сондай-ақ Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатында белгіленген қағидаттар мен талаптарды сақтау;
в) жеке мүдделердің Компания мүдделеріне қайшы келуіне әкелетін жағдайлардан немесе мән-жайлардан аулақ болу. Мүдделер қақтығысы туындаған (немесе туындау мүмкіндігі болған) жағдайда бұл туралы тікелей басшысына немесе Компанияның комплаенс-бақылаушысына жазбаша түрде хабарлау;
г) Компания қызметкері тарапынан жасалған немесе жасалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың кез келген белгілі болған дерегі туралы Компанияның «жедел желісіне» немесе өзінің тікелей не жоғары тұрған басшысына және (немесе) Компанияның комплаенс-бақылаушысына дереу хабарлау;
д) қызметкердің этикасы мен мінез-құлқына қатысты Компанияның ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;
е) мүдделер қақтығысының алдын алу және оны реттеу жөніндегі Компанияның ішкі құжаттарының талаптарын сақтау;
ж) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары мен Компанияның жергілікті актілерінің сақталуын қамтамасыз ету, қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және профилактика жүргізу;
з) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты және комплаенс саясаттарының талаптарын құрылымдық бөлімше қадағалайтын процестерге енгізу;
«Үш қорғаныс желісі» моделіне сәйкес Компанияның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау корпоративтік жүйесі шеңберіндегі функцияларды іске асыру;
осы лауазымдық нұсқаулықта көзделген процестер мен операцияларды сапалы және уақтылы орындау;
қызметтік құжаттарды қарау және шешімдер қабылдау барысында бюрократиялық көріністерге жол бермеу, бюрократизм фактілері анықталған жағдайда Компанияның жергілікті актілерінде белгіленген мерзімдерде қажетті шаралар қабылдау;
«ҚТЖ» ҰК» АҚ және оның еншілес ұйымдарының этика және мінез-құлық кодексінің талаптарын сақтау (ҚТЖ» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің 20.09.2019 ж. №14 хаттамасымен бекітілген, 2021 жылғы 29 қарашадағы №14 хаттамамен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда);
өрт қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру