"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Көп функционалды қызмет көрсету орталығы" филиалының мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл департаментінің бас менеджері (16 Грейд)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- ҚР мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасайды, Компанияның құрылымдық бөлімшелеріне жүктелген функциялар шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды үйлестіреді;
- Жалғыз акционермен өзара іс-қимыл жасайды, өздеріне жүктелген функциялар шегінде Компанияның құрылымдық бөлімшелерінің Жалғыз акционермен өзара іс-қимылын үйлестіреді, GR-қызмет шеңберінде әзірленген Жалғыз акционердің ұсынымдарын талдайды және оларды Компанияда іске асыру жөнінде шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді;
- сала шеңберінде Компания қызметінің мәселелері бойынша заңды тұлғалардың салалық бірлестіктерімен өзара іс-қимыл жасайды және GR қызметінің құзыреті шеңберінде Компания қызметіне байланысты әртүрлі мәселелерді шешуге жәрдемдеседі;
- Мемлекеттік органдардың алдында Компанияның мүдделерін білдіру, Компанияның ұстанымын жеткізу және туындаған проблемаларды шешу жолымен мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде проблемалық мәселелер туындаған жағдайда Компанияның еншілес ұйымдарына жәрдем көрсетеді;
- құзыреті шегінде Компанияның Басқарма Төрағасы үшін халықаралық кездесулерге, елішілік кеңестерге, отырыстарға арналған материалдарды (баяндамалардың, тезистердің жобаларын, анықтамалық-талдамалық және тұсаукесерлік материалдарды) қалыптастырады;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеуге, GR-қызмет құзыреті шеңберінде заңнамалық актілердің жобаларын қарауға және келісуге қатысады;
- GR-функциялар мәселелері бойынша Компанияның жергілікті актілерінің жобаларын әзірлеуге қатысады;
- Мемлекеттік бағдарламаларды, хаттамалық тапсырмаларды және т.б. іске асыру мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік органдардың және өзге де тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады;
- Компания жұмысының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекет басшысының алдында есеп беру үшін аралық және/немесе жылдық есептерді дайындауға қатысады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету; мұрағаттану; мемлекеттік және жергілікті басқару; экономика; менеджмент; қаржы; маркетинг; журналистика; филология; әлеуметтану; саясаттану; әлеуметтік жұмыс; құқықтану; халықаралық қатынастар; аударма ісі; жұртшылықпен байланыс және/немесе темір жол мамандықтары.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар