Көбікпен өртті сөндіру учаскесінің ӨРТКЕ ҚАРСЫ АВТОМАТИКА ЖӨНІНДЕГІ ИНЖЕНЕРІ
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Болуы тиіс:
- І санаттағы инженер: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және ІІ санаттағы инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;
- ІІ санаттағы инженер: тиісті мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санатсыз инженер лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
- Инженер: жұмыс өтіліне талап ұсынбастан тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғару оқу орнынан кейінгі) білімі немесе тиісті мамандығы (біліктілігі) бойынша орта техникалық және кәсіби (орта арнайы, орта кәсіби) білімі және І санаттағы техник лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
- Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілерін, өрт автоматикасы қондырғыларының жабдықтарын пайдалану және жөндеу мәселелері бойынша әдістемелік және басқа да материалдарды;
- өрт автоматикасы қондырғылары жабдықтарының техникалық - пайдалану сипаттамаларын, конструктивтік ерекшеліктерін, мақсаты мен жұмыс режимдерін, оны техникалық пайдалану қағидаларын;
- еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормаларын, Қазақстан Республикасының экологиялық кодексін.
- электрлік жабдықтардың схемаларын оқуды, өрт автоматикасы қондырғылары жабдықтарының, аспаптардың, аппараттар мен электрлік жабдықтар жүйелерінің жарамсыздықтарын анықтауды және жоюды;
- диагностикалау құралдарының көмегімен электрондық құрылғылар элементтерінің техникалық күйін, жарамсыздығын анықтауды;
- автоматты өртке қарсы қорғану туралы негізгі түсініктерді және іске қосу-баптау жұмыстарының амалдарын;
- автоматты өртке қарсы қорғанудың негізгі тәсілдері мен амалдарын, қызмет көрсету және жөндеу тәртібін;
- автоматты өртке қарсы қорғануды күзету үшін қолданылатын ерекшеліктерді;
- құжаттамаларды ресімдеуді;
- қауіпсіз еңбек амалдарын, өрттің алдын алу және сөндірудің негізгі құралдары мен шараларын, сондай-ақ жұмыс орнындағы басқа да қауіпті жағдайлардың алдын алу шараларын;
- жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәсілдерін;
- қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсер етуінің алдын алу тәсілдерін;
- жеке ұжымдық қорғану құралдарын және оларды қолдану тәртібін;
- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі негізгі шараларды;
- өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғаудың талаптарын, қауіпсіздік техникасы қағидаларын;
- өрт қауіпсіздігіне қатысты қолданыстағы нормативтік актілерді;
- автоматты өртке қарсы қорғанудың негізгі тәсілдері мен монтаждау амалдарын.
-
- аналитикалық қабілеттіліктері, ұйымдастырушылық қабілеттері.
- адамдармен жұмыс істей алу, жауапкершілік.
- командада жұмыс істей қабілеті, тез тіл табысқыштық, жағдайдың өзгеруіне тез әрекет ету.
- байсалдылық, ұқыптылық, ықыластылық.
- анықтамалық материалдармен, техникалық құжаттамалармен және күрделі электрлік схемалармен жұмыс істей алу.
Ұқсас вакансиялар
ИНЖЕНЕР-ЭНЕРГЕТИК (2 ОРЫН)
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
08.02.2026 | 1037
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ ИНЖЕНЕР-БАҒДАРЛАМАШЫСЫ
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
07.02.2026 | 3530
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ БАС МЕНЕДЖЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИСТІ (ЖОБАЛАРДЫ ТАЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ)
«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
07.02.2026 | 2021