"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Шалқар стансасының (1 класс) маневрлік диспетчер

от 326149
Актобинское отделение магистральной сети Ақтөбе облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
17

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1) Стансадағы ахуалмен, вагондарды беру және тазалауға өтінімдермен, алдағы жұмыстар жоспарымен танысады  және планерлық кеңесте ауысымның назарына жеткізеді; 
2)  маневр аудандарының, кірме жолдардың жұмыстарын үйлестіреді; 
3) Бос вагондардың қайтадан құрастыру, құрастыру, жөнелту бойынша ауысымдық тапсырмалардың орындалуын, стансаның барлық техникалық құралдары кешенін тиімді пайдалануды ұйымдастыру; 
4) жұмыста ГИД-Урал бағдарламасын, стансаның Техникалық-басқарушы актілеріне сәйкес қажет ақпаратты сұрай отыра қолданады.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі), орта (техникалық және кәсіптік).
  • Мамандығы: білімі жоғары болса: Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (темір жол көлігі), білімі орта болса (техникалық немесе кәсіптік): Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және қозғалысты басқару (сала бойынша);
  • Жұмыс тәжірибесі: білімі жоғары болса:  2 жылдан кем емес, соның ішінде станциялық орталықтандыру посты кезекшісі/парк бойынша кезекші/станса бойынша кезекші класстан тыс, 1-3 класс/сұрыптау дөңесі кезекшісі лауазымында; білімі орта болса (техникалық немесе кәсіптік): 3 жылдан кем емес, соның ішінде станциялық орталықтандыру посты кезекшісі/парк бойынша кезекші/станса бойынша кезекші класстан тыс, 1-3 класс/сұрыптау дөңесі кезекшісі лауазымында

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж