Маркетинг және талдау бөлімі коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындармен жұмыс жасау тобының маманы (негізгі қызметкердің уақытша болмаған мерзіміне)

"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Шымкент өндірістік филиалы Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
75

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттері:


3.1.1 Алдыңғы тұтыну көлемдерімен салыстырмалы түрде газ тұтыну көлемдеріне талдау жүргізу.

3.1.2 Өткізілген газ үшін төлемдердің түсуіне талдау жүргізу;

3.1.3 Тұтынылған газ көлемдерін енгізу;

3.1.4 Ақпараттық деректер базасында көрсеткіштерге талдау жасау және жүргізілген іс-шараларға мониторинг жүргізу;

3.1.5 Өтініштер мен түзетулерге сәйкес ақпараттық деректер базасында төлемдерді қайта есептеу;

3.1.6 Коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындардың газ есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша ақпаратты уақтылы және дұрыс енгізу;

3.1.7 Бақылаушылардың айналымы үшін ҚПК (қалта дербес компьютері) маршруттарын құру және деректерді деректер базасына жүктеу жұмыстарын ұйымдастыру;

3.1.8 ҚПК арқылы түсірілген жеке есепке алу құралдарының (ЖЕАҚ) фотосуреттерінің сапасын бақылау және жұмыстарды орындау;

3.1.9 ЖЕАҚ көрсеткіштерін алу бойынша есептерді қалыптастыру жұмыстарын ұйымдастыру;

3.1.10 Төлемдерді таратуды бақылау;

3.1.11 Тексеруаралық интервал (ТИИ) мерзімі өткен есептегіштерді нормативке ауыстыруды бақылау;

3.1.12 Ресми сұраулар бойынша газбен жабдықтау саласындағы коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындардың деректер базасынан сұратылған ақпаратты дайындау;

3.1.13 Газ тарифі өзгерген жағдайда қайта есептеу жүргізу;

3.1.14 Ай жабылған кезде өсімпұл есептеу;

3.1.15 Тұтынушылармен (коммерциялық-тұрмыстық кәсіпорындармен) есептеу, салыстыру және ақпараттық базаға енгізілген деректер мәселелері бойынша жұмыс жүргізу;

3.1.16 Қосылу/ажырату актілері, қосу/ажырату тізілімі, пломбалау/пломбаны алу актілері негізінде енгізілген деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету;

3.1.17 Коммерциялық-тұрмыстық кәсіпорындардың шоттарын уақтылы ашу және енгізу;

3.1.18 Коммерциялық-тұрмыстық кәсіпорындар мен газ учаскелері (секторлары) ұсынған құжаттар негізінде газ тұтыну көлеміне және оның төлеміне әсер ететін техникалық сипаттамалар мен деректер бойынша есептеу және түзетулер енгізу;

3.1.19 Газ есептеу аспаптарының алынған көрсеткіштері бойынша түзетулер енгізу;

3.1.20 Ұсынылған құжаттарға сәйкес қосылған/ажыратылған коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар туралы мәліметтерді ақпараттық деректер базасына енгізу;

3.1.21 Алдын ала жасалған түзету актілері, доначисление актілері және есептеулерге сәйкес нұсқаулыққа сай деректер базасына түзетулер мен қосымша есептеулер енгізу;

3.1.22 Есептерді қалыптастыруға қатысу, шот-квитанцияларды тарату барысын бақылау;

3.1.23 ІББ бұзушылық актілерінің нөмірлерін енгізу;

3.1.24 Даулы мәселелер жөніндегі комиссияда қарау үшін көлемдер/сомалар бойынша есептеулерді дайындау, есептеу/алып тастау бойынша хаттамаларды рәсімдеу;

3.1.25 Бағдарламалық кешенмен жұмысты оңтайландыру бойынша ұсыныстар енгізу;

3.1.26 Коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындармен жұмыс (өтініштерді, шағымдарды және ұсыныстарды қабылдау), қарау және жауап дайындау;

3.1.27 Сапа, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, тәуекел-менеджмент және энергия менеджменті саласындағы мақсаттарға қол жеткізу жоспарларын әзірлеуге қатысу.

Талаптар:

Тиісті мамандық бойынша жоғары білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Шарттар:

Еңбек шарты негізінде.

Қажетті қабілеттер

  • - Soft skills: коммуникабельность, умение работать в команде, стрессоустойчивость, пунктуальность;
  • * свободное пользование ПК, знание программ WORD, EXCEL, OUTLOO
  • * Свободное владение государственным и русскими языками;
  • коммуникабельность ответственность