«KTZ Express» АҚ Жобалар портфелімен жұмыс департаментінің жобалар портфелімен жұмыс бойынша функционалдық бағытының бас менеджері (17 грейд)

от 652848
АО «KTZ Express» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
30

Қаралған саны:
169

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қоғамның және ЕҰ-ның Күрделі салымдар жоспарын (КСЖ) қалыптастырады және түзетеді.
  • Қоғамның және ЕҰ-ның КСЖ-сының және инвестициялық жобаларының орындалуына мониторинг және талдау жүргізеді.
  • Қоғамның және ЕҰ-ның инвестициялық жобаларына (оның ішінде бизнес-жоспарларға) бағалау және сараптама жүргізеді.
  • Қоғамның көлік-логистикалық қызметін және инфрақұрылымын дамытуға бағытталған нормативтік-құқықтық актілерді, даму бағдарламаларын, стратегияларды және басқа да құжаттарды әзірлеуге қатысады.
  • Қоғамның және ЕҰ-ның инвестициялық жобаларына постмониторинг жүргізу және КСЖ-ның орындалуы бойынша есептердің «ҚТЖ» ҰК» АҚ-қа уақтылы ұсынылуын қамтамасыз етеді.
  • Қоғамның және ЕҰ-ның инвестициялық жобалары бойынша ақпаратты басшылыққа дайындап, ұсынады.
  • Мемлекеттік органдармен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобымен, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ-пен және басқа да ұйымдармен орындаушылар деңгейінде өзара іс-қимыл жасайды, сондай-ақ жұмыс топтарының отырыстарына қатысады.
  • Құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қоғам және «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының қатысуымен өтетін отырыстар мен кеңестерге ақпараттық материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді.
  • Қоғамның және ЕҰ-ның инвестициялық жобалары бойынша «KTZ Express» АҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ Инвестициялық комитетінің отырыстарына материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді.
  • Жобалар әкімшілерімен бірлесіп, құзыреті шегінде инвестициялық жобалар бойынша негіздемелік құжаттарды (инвестициялық меморандумдар/ұсыныстар) әзірлеуге қатысады және оларды уәкілетті мемлекеттік органдарда және «Самұрық-Қазына» АҚ-та қорғайды, сондай-ақ Қоғамның және ЕҰ-ның инвестициялық жобалары бойынша республикалық бюджеттен/Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджет қаражатын бөлу үшін жобаны қаржыландыру көздерін негіздеу мақсатында жұмыс жүргізеді.
  • ЕҰ құру және (немесе) заңды тұлғалардың акцияларын (қатысу үлестерін) сатып алу үшін қажетті бизнес-жоспарларды, қаржылық-экономикалық модельдерді және басқа да құжаттарды әзірлеуге және дайындауға қатысады.
  • Қадағаланатын ЕҰ-ның қызметінің негізгі көрсеткіштерінің (ҚНК) орындалуына мониторинг және талдау жүргізеді.
  • Қоғамның Инвестициялық комитетінің инвестициялық жобаларды қарау мәселелері бойынша қызметін жүргізуді қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Саладағы мамандығы: Логистика (салалар бойынша); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану; Коммерциялық қызмет (теміржол көлігінде); Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Экономика; Менеджмент; Кеден ісі; Қаржы; Есеп және аудит; Халықаралық құқық; Халықаралық қатынастар; Құқықтану.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр