"Qazaqgaz Aimaq" АҚ Жетісу өндірістік филиалының өндірістік-техникалық бөлімінің жетекші инженері

"QAZAQGAZ AIMAK" АҚ Жетісу өндірістік филиалы Талдықорған қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
2850

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Газ тарату желілерін күрделі жөндеу, күрделі салымдар, реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі жоспар жобасын қалыптастыру үшін негіздемелік құжаттарды, жұмыстар көлемі бойынша сметалық құжаттаманы, негізгі құралдардың өсуіне әкеп соқпайтын ағымдағы жөндеу жоспарын, сондай-ақ объектілерді күзгі-қысқы кезеңге дайындау іс-шараларын әзірлеуге қатысу. 
  • Газ тарату құбырлары мен ондағы құрылыстарды аралау, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды орындау жоспарларын (кестелерін) әзірлеуді ұйымдастыру және бақылау. 
  • Бюджет баптары бойынша сатып алуға арналған тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жылдық тізбесін қалыптастыру; сатып алу рәсімдерін өткізу үшін техникалық ерекшеліктерді (спецификацияларды) дайындау. 
  • Құрылымдық бөлімшелердің өндірістік-техникалық қызметін ұйымдастыру және үйлестіруді қамтамасыз ету. 
  • Филиалдың өндірістік-техникалық қызметі бойынша жылдық және ағымдағы жоспарлар мен есептердің қалыптастырылуын ұйымдастыру және бақылау. 
  • Газ шаруашылығы объектілерін күзгі-қысқы кезеңде пайдалануға дайындау жоспарларын қалыптастыруды, олардың орындалуын үйлестіру және бақылау. 
  • Газбен жабдықтау жүйесін жаңғырту және реконструкциялау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу жұмыстарын бақылау. 
  • Газ шаруашылығы объектілерін, газ құбырларын және ондағы құрылыстарды, газ реттеу пункттерін, шкафтық газ реттеу пункттерін, шкафтық пункттерді техникалық пайдалануға бақылау жүргізу. 
  • Процестердің нәтижелілігі туралы есептерді әзірлеуге, түзету және алдын алу іс-қимылдарын, сапа бойынша іс-шаралар жоспарларын дайындауға қатысу. 
  • Қызметкерлердің еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын сақтауын, еңбекті қорғау және қауіпсіздік менеджменті жүйесінің құжаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында ішкі және өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру. 
  • Филиал мен Қоғамда жүргізілген үш деңгейлі ішкі және өндірістік бақылау қорытындылары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылаушы органдарының нұсқамалары бойынша анықталған бұзушылықтардың жойылуын бақылау. 
  • Өз құзыреті шегінде жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау барысында Қоғам мен Филиалдың барлық құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасау. 


Талаптар:

  • Білімі – жоғары кәсіби (техникалық). 
  • Мұнай-газ саласында кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс. 
  • Өндірістік-техникалық бөлімнің (ӨТБ) жетекші инженері өз қызметін жүзеге асыру барысында, орындалатын жұмыс көлемі шегінде, келесі құжаттарды білуі және басшылыққа алуы тиіс: 
  • Қазақстан Республикасының Конституциясы; 
  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; 
  • «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы; 
  • «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының  
  • «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 96 бұйрығы 
  • ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001 және ISO 50001 халықаралық стандарттарының талаптары; 
  • ҚР СТ ISO 9001 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар»; 
  • ҚР СТ ISO 50001 «Энергия менеджменті жүйелері. Қолдану бойынша талаптар жəне нұсқаулар»; 
  • ҚР СТ ISO 14001 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар жəне қолдану бойынша нұсқаулық»; 
  • ҚР СТ ISO 45001 «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйесі. Талаптар және қолдану жөніндегі нұсқаулық»; 
  • «Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы № 673 бұйрығы.; 
  • «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығы; 
  • «Мұнай-газ саласында қолданылатын нормативтік-техникалық құжаттар»; 
  • ҚР ҚН 4.03-01-2011 «Газ тарату жүйелері»; 
  • МҚН 4.03-01-2003 «Газ тарату жүйелері»; 
  • ҚР ЕЖ 4.03-101-2013 «Газ тарату жүйелері»; 
  • МЕЖ 4.031032005 «Полиэтилен құбырларын қолдану арқылы газ құбырларын жобалау, салу және реконструкциялау»; 
  • «Көппәтерлі тұрғын үй ғимараттары» ҚР ҚН 3.02-01-2023; 
  • «Көп пәтерлі тұрғын ғимараттары» ҚР ЕЖ 3.02-101-2012; 
  • «Газ тәрізді және сұйық отынмен жұмыс істейтін шағын метражды жылыту 
    қазандарына арналған технологиялық жобалау нормалары. Өртке қарсы талаптар» ҚР ҚН 4.02-12-2002; 
  • Тұрғын үйлерді табиғи газбен жабдықтау жүйесін техникалық пайдалану  қағидалары. 


Шарттар: 

  • Қызметкерге қажетті еңбек құралдарымен жабдықталған жеке жұмыс орны беріледі, сондай-ақ оның қызметтік міндеттерін орындауы үшін қажет еңбек жағдайлары қамтамасыз етіледі. 
  • Қызметкерге жұмыс уақытының режимі белгіленеді: күн сайын 8 сағат, бескүндік жұмыс аптасы бойынша, демалыс күндері – сенбі және жексенбі. 
  • Қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі, оның ұзақтығы – 30 күн.