Алматы филиалының Алтынкөл станциясындағы атқыштар командасының күзетшісі( көмекшісі)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1) алдағы жұмыс көлемімен, қызметті ұйымдастыру және атқару жөніндегі келіп түскен нұсқаулармен және өкімдермен, разрядты жүктері, метанолы, автотракторлық техникасы, Мұнай құю жүктері, феррохромы және күзетуге жататын басқа да жүктері бар вагондардың станцияның қабылдау-жөнелту жолдарында болуымен және орналасуымен танысуға;2) жедел жағдай бойынша станцияға келетін жүктердің сипатын зерделеуге және оны қабылдау және күзету үшін қарауылдың жеке құрамын бөлуге;
3) кезекші тәулікке келіп түсетін бағынысты адамдардың денсаулық жағдайы туралы куәландырады, қызметтік міндеттерін атқару кезінде олардың қауіпсіздік техникасы жөніндегі қағидалардың сақталуын қадағалайды;
4) қарауыл қызметін ұйымдастыру әдістерін жетілдіру, жеке құрам арасында тәртіпті нығайту бойынша жүйелі жұмыс істеуге, жұмыс уақытының ұтымды пайдаланылуын қадағалауға;
5) желілік және тораптық пикеттердің жұмысын дұрыс ұйымдастыру. Жеке құрамның жұмысы және жұмыс істеген уақыты туралы қызметтік құжаттамаға жазбаларды уақтылы жүргізу;
6) ауысым тобының аға күзетшісі болмаған жағдайда оның міндетін атқаруға міндетті.
Біліктілік талаптары:
Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)Мамандығы: Құқықтану; Құқықтану; құқық қорғау қызметі; Әскери іс және қауіпсіздік; көлік (салалар бойынша); көлік техникасы; темір жолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша); темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Автоматтандыру және басқару (бейіні бойынша); Автоматика, телемеханика және теміржол көлігіндегі қозғалысты басқару; тіршілік қауіпсіздігі; Ақпараттық жүйелер (қолдану салалары бойынша); Байланыс, радиоэлектроника және телекоммуникация; Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; өрт қауіпсіздігі
Жұмыс тәжірибесі: күзетші лауазымында кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж