Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары
"QazaqGaz Onimderi" ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Автокөлік пен мамандандырылған техниканы жаңғырту, жөндеу және пайдалану, объектілердің жаңа құрылысы, Автомобиль газ толтыру компрессорлық станцияларын пайдалану саласында бірыңғай техникалық саясатты басқаруды ұйымдастыру, реттеу және бақылау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;
- Көлікті қауіпсіз және табысты пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған өндірістік филиалдардың өндірістік және шаруашылық қызметін ұйымдастыру, реттеу және бақылау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады;
- Пайдалану жөніндегі қағидаларда, өндірістік және арнайы нұсқаулықтарда және басқа да нормативтік және пайдалану құжаттарында көзделген Технологиялық режим мен регламентті, технологиялық және өндірістік пәндерді сақтай отырып, қызметкерлерді Серіктестік объектілерінде салауатты және қауіпсіз еңбек жағдайларымен және өнеркәсіптік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету функцияларын жүзеге асырады;
- Автокөлік, мамандандырылған техника және автомобиль газ толтыру компрессорлық станцияларын жөндеу және пайдалану саласында серіктестік қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- Серіктестіктің автокөлікті, мамандандырылған техниканы және автомобиль газ толтыру компрессорлық станцияларын пайдалану жөніндегі, оның ішінде күрделі құрылыс саласындағы өндірістік жоспарларды орындауына байланысты мәселелер кешенін бақылайды;
- Жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшелердің сатып алуды, жұмыстар мен қызметтерді жүргізу, шарттардың (келісімшарттардың, келісімдердің) жасалуын және уақтылы орындалуын бақылау жөніндегі жұмысын ұйымдастыруға байланысты мәселелер кешенін бақылайды);
- Серіктестіктің өндірістік активтерін пайдалануды, тиісті жұмыс режимін және серіктестіктің өндірістік активтерін қауіпсіз пайдалануды бақылайды;
- Өз құзыреті шегінде серіктестіктің Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарымен, "Самұрық-Қазына" АҚ, "QazagGaz "ҰК" АҚ-мен өзара қарым-қатынасын үйлестіреді;
- Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінің жұмыс істеуін, қауіпсіздік қағидалары мен нормаларының талаптарын ескере отырып, өндірісті дамытуды, өндіріс процестерінің қауіпсіздігі мен сенімділігін жедел басқаруды ұйымдастырады
Талаптар:
Кәсіби салада-кемінде 7 жыл
Басшы лауазымдарда-кемінде 5 жыл
Білім - жоғары кәсіптік (техникалық, экономикалық)
Шарттар:
Тәулігіне 8 сағат жұмыс уақыты режимі 08 сағат 30 минуттан 18 сағат 00 минутқа дейін түскі асқа 1 сағат 30 минут үзіліспен 12 сағат 30 минуттан 14 сағат 00 минутқа дейін. Екі демалыс күні бар бес күндік жұмыс аптасы – сенбі және жексенбі