"Жолаушылар тасымалы "АҚ"Оңтүстік" Жолаушылар тасымалы жөніндегі өңірлік филиалының бас инженері

Жалақы көрсетілмеген
Региональный филиал по пассажирским перевозкам "Южный" Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
19

Қаралған саны:
48

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Филиалда техникалық құралдарды тиімді пайдалану негізінде барлық құрылымдық бөлімшелердің кешенді дамуын қамтамасыз ететін бірыңғай технологиялық саясатты жүргізу бойынша жұмысты ұйымдастыру, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі, экологиялық талаптар қағидаларын сақтай отырып, өндіріске ғылымның, техниканың және озық тәжірибенің жаңа жетістіктерін енгізу;
  • инженерлік-техникалық іс-шаралар мен стратегиялық жоспардың орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
  • филиалды дамытудың перспективалық жоспарларын әзірлеуге, қайта құруға, өндірістің қоршаған ортаға зиянды әсерін болдырмау, қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау жөніндегі іс-шараларға басшылық жасау;
  • технологиялық тәртіптің, еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нормалардың, мемлекеттік техникалық қадағалау, табиғат қорғау, санитариялық және басқа да органдардың талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
  • өндірістік емес шығыстарды азайту және ТЭР, су, ағынды сулар, жылуды үнемді пайдалану жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру нормалау және әзірлеу, ресурс үнемдейтін технологияларды енгізу және осы мәселелер бойынша есептіліктің барлық түрлерінің уақтылы жасалуын бақылау;
  • объектілерді (ғимараттарды, құрылыстарды, кірме жолдарды) қысқы кезеңде жұмысқа және жазғы жолаушылар тасымалына дайындау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру, шаруашылықты күзгі-көктемгі комиссиялық тексеруге қатысу;
  • күрделі жөндеуге, күрделі құрылыс объектілерін салуға арналған техникалық жобаларды, филиалды, оның учаскелерін реконструкциялауға арналған өндірістік құжаттаманы әзірлеуге арналған шартты қарау, олардың әзірленуіне бақылауды жүзеге асыру;
  • жұмысшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлерді оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ персоналды даярлауды ұдайы жетілдіруді қамтамасыз ету;
  • өнім берушілердің құрылымдық бөлімшелер жетекшілік ететін тауарларды/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттардың талаптарын тиісінше орындауын бақылау (мониторинг) ;
  • жолаушылар вагондарының сапалы және уақтылы жабдықталуын бақылау;
  • жылжымайтын мүлік объектілерін паспорттау және қайта тіркеу жөніндегі жұмыстардың ұйымдастырылуын бақылау, жер учаскелерін ресімдеу;
  • азаматтық қорғаныс (АҚ) және төтенше жағдайлар (ТЖ)іс-шараларына байланысты мәселелерді бақылауды жүзеге асыру;
  • негізгі құралдарды есепке алу және есептен шығару жөніндегі мәселелерді ұйымдастыру және бақылау;
  • филиалдың қажеттіліктері үшін үй-жайларды (кеңсе, қойма) мүліктік жалдау (жалға алу) бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылау;
  • дез барысы мен сапасын тексеруді ұйымдастыру.жолаушылар вагондарын өңдеу айына кемінде бір рет;
  • қоғамға бекітуге ұсынылатын филиалдың жобалау-сметалық құжаттамасын келісу бойынша ұйымдастыру және бақылау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Құрылыс; Электр энергетикасы; автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Су ресурстары және суды пайдалану; инженерлік жүйелер
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда (темір жол көлігі ұйымдарында) кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы