"ҚТЖ "ҰК" АҚ-"Тасымалдау процесінің дирекциясы"филиалының Достық пайдалану вагон депосының 26 - і-ІІД Достық ст. техникалық қызмет көрсету пунктінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Поездар қозғалысының қауіпсіздігін, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, өндірістік тапсырмаларды орындау бойынша ПТО (техникалық қызмет көрсету пункті) және КТ (бақылау пункті) жұмысына басшылықты жүзеге асырады.
- Штатты жасақтау мәселелерімен айналысады, вагондарды жөндеуші аға тексерушілердің жұмысын үйлестіреді, кадрлардың дұрыс орналасуын және жұмыс уақытының есебін жүргізеді.
- Поездар қозғалысының қауіпсіздігін, вагон паркінің және тасымалданатын жүктердің сақталуын, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықтардың, бұйрықтар мен өкімдердің талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді.
- Жүк және жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетуді, поездарға техникалық қызмет көрсетудің, вагондарды дайындау мен жөндеудің технологиялық процестерінің сақталуын қадағалайды, филиалдың кепілдік учаскесі шегінде жүк және жолаушылар поездарының кесте бойынша және қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.
- Ақаулы вагондардың қалдығын ағымдағы жөндеуде ұстайды, белгіленген нормаларға сәйкес жөндеуді күту және жөндеудегі бос тұру нормаларын сақтайды. Вагондарды ағымдағы жөндеуге ағытудың дұрыстығын бақылайды және бұзушылықтар туралы депо басшыларына хабарлайды.
- АСОУП жүйесінде 2612, 2731, 2653, 2651 хабарламалары бойынша жұмыс істейді. Ағымдағы ағыту жөндеуіне ағытылған әрбір вагонға 2653 анықтамасы бойынша жөндеудің соңғы түрлеріне талдау жасайды, вагонды жөндеген және жөндеудің кепілдік мерзімдерін сақтамаған кәсіпорындарға хабарлайды, 2612 анықтамасына сәйкес вагон иелеріне хабарлайды. Ағымдағы ағыту жөндеуіне ағытылған әрбір вагон бойынша 2731 анықтамасы бойынша вагондардың жиынтықталуын салыстырып тексереді (доңғалақ жұптарының нөмірлері — 4 дана, бүйірлік жақтаулар — 4 дана және рессорүстілік арқалық — 2 дана) және жиынтықтау парағын толтырады6 Вагон иелеріне хабарлайды;
- Барлық тиісті материалдарды ресімдей отырып, поезд және маневрлік жұмыстардағы ақаулық жағдайларын тергеуге қатысады.
- Поездарды тежегіштермен қамтамасыз ету туралы анықтамаларды есепке алу журналын (ВУ-45) тексереді.
- Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қызметкерлерге талаптарды, нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық құжаттарды түсіндіреді.
- Поездардағы вагондарды сапалы тексеруді, ағымдағы ағыту және ағытусыз жөндеуді және вагондарды тиеуге дайындауды, жылжымалы құрамды жөндеу слесарлары мен вагон тексерушілердің технологиялық процесті сақтауын ұйымдастырады, жылжымалы құрамның кепілдік иықтары бойынша өтуін қамтамасыз етеді, вагондарды жөндеу сапасын және автотежегіштерді тексеруді жеке қадағалайды, автотежегіштерді тексеру жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді.
- ПТО-ны қосалқы бөлшектермен және материалдармен уақтылы қамтамасыз етеді, келіп түсетін тауарлық-материалдық құндылықтарды, соның ішінде жүк вагондарының қосалқы бөлшектері мен бөлшектерін тиісінше қабылдауды қамтамасыз етеді, ПТО мекенжайына келген жүгі бар вагондарды тиеу-түсіру жұмыстарының уақтылы жүргізілуін ұйымдастырады.
- Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жүк және жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетуді, поездарға техникалық қызмет көрсетудің, вагондарды дайындау мен жөндеудің технологиялық процестерінің сақталуын қадағалайды, филиалдың кепілдік учаскесі шегінде жүк және жолаушылар поездарының кесте бойынша және қауіпсіз өтуін қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар) саласында
- Жұмыс тәжірибесі: нұсқаушы, шебер лауазымында 1 жылдан кем емес
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр