"ҚТЖ-Жолаушылар локомотивтері" ЖШС бухгалтерлік және салықтық есеп бойынша функционалдық бағытының менеджері (17 грейд)

от 497437
ТОО «КТЖ-Пассажирские локомотивы» Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
205

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • ХҚЕС-ке сәйкес Серіктестіктің қаржылық есептілігін аудит және қаржылық есептілік пакеті форматында дайындауға қатысады;
  • Серіктестіктің қаржылық есептілігін дайындауда анықталған кемшіліктерді жою мақсатында сыртқы аудиторлардың ескертулерін талдайды;
  • Серіктестіктің қаржылық есептілік аудиті шеңберінде сыртқы аудитордың ұсынымдарын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және Серіктестік басшылығы бекітеді және орындау жөніндегі есепті ұсынады;
  • Серіктестіктің Департаментпен байланысты бұйрықтарының, өкімдерінің және басқа да құжаттамаларының жобаларын әзірлейді;
  • бухгалтерлік есепті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша әдістемелік ұсынымдарды, нұсқаулықтар мен қағидаларды әзірлейді және өзекті жағдайда ұстайды;
  • сыртқы аудитордың ұсынымдарына сәйкес әдіснамалық құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
  • SAP RWP жүйесінде, бөгде ұйымдармен көрсетілген қызметтер (шығыстар) бойынша, салықтар бойынша (КТС, ҚҚС), "ҚТЖ "ҰК" АҚ еншілес ұйымдарымен өзара есеп айырысулар бойынша бастапқы құжаттарды пысықтайды;
  • «Қаржылық жағдай туралы есеп» ФО-1 нысанын қалыптастырады;
  • «Жиынтық кіріс туралы есеп» ФО-2 нысанын қалыптастырады;
  • «Меншікті капитал туралы есеп» ФО-4 қалыптастырады;
  • «Өндірістік-қаржылық қызмет туралы есеп» ІВЕ-21, «Қосалқы нысан» нысанына А қосымшасы, таратып жазуымен қалыптастырады;
  • «Қосалқы-қосалқы жұмыстар бойынша өндірістік-қаржылық қызмет туралы есеп» ІВЕ-22 нысанын қалыптастырады;
  • «Үстеме шығыстар туралы есеп» ІВЕ -24 қалыптастырады;
  • ІВЕ - 25 «Кезең шығыстары туралы есеп» және  ІВЕ  - 25 нысанын ашып жазуды қалыптастырады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Есеп және аудит; Экономика; Қаржы.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр