Іле АЭЖБ бастығы (қ.Конаев)
"Алатау Жарық Компаниясы" акционерлік қоғамы филиалы - "Энергосбыт" Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері
- АЭЖБ-нің бағынысты персоналына тұтынушылармен есеп айырысу кезінде қолданылатын электр энергиясына бекітілген тарифтерді уақтылы жеткізу.
- Электр энергиясын автоматтандырылған есепке алу бойынша бағдарламалық-техникалық кешеніндегі есептер бойынша АЭЖБ-нің өндірістік қызметін бақылау мен талдау әдістерін меңгеру. Электр энергиясын автоматтандырылған есепке алу бойынша бағдарламаларды жетілдіру және толықтыру жөніндегі техникалық тапсырмаларды әзірлеу және дайындау, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
- Электр энергиясын тұтынушылардың дебиторлық қарызын төмендету бойынша қажетті іс-шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру, дебиторлардың өшірілуін бақылау.
- Тұтынушыларға электр энергиясын сату бойынша көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруда АЭЖБ қызметіне басшылықты және бақылауды жүзеге асыру.
- АЭЖБ персоналының өндірістік, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылау, анықталған бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдау.
- Негізгі құралдар мен тауарлық-материалдық құндылықтарды есепке алуға жауапты болу.
- Электр энергиясымен жабдықтау мәселелері бойынша тұтынушыларды қабылдау және кеңес беру.
- Белгіленген талаптарға сәйкес тұтынушы заңды/жеке тұлғалардың өтініштеріне, шағымдарына және мемлекеттік, жергілікті және құқық қорғау органдарының сұранымдарына жауап беру.
- Жергілікті атқарушы органдардағы кездесулерге, жиналыстарға қатысу.
Талаптар:
АЭЖБ бастығының жоғары энергетикалық және/немесе техникалық және/немесе экономикалық (және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, мамандығы бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде басшы лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Шарттары:
Қалыпты.
Ұқсас вакансиялар
Экскаватор-погрузчик машинисі Автотранспорттық учаскесі
«Алматы электр станциялары» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
23.02.2026 | 534
Заместитель начальника района по учету и анализу электроэнергии ШРЭС
АО «Алатау Жарық Компаниясы» | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
23.02.2026 | 90
Жалақы көрсетілмеген
№ 6 АЭЖБ бастығының орынбасары
"Алатау Жарық Компаниясы" акционерлік қоғамы филиалы - "Энергосбыт" | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
23.02.2026 | 55