"Жолаушылар тасымалы" АҚ "Оңтүстік" Жолаушылар тасымалы жөніндегі өңірлік филиалы "Экспресс" АСУ секторының жетекші инженері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Компьютерлердің жергілікті желісін жұмыс күйінде ұстау бойынша жұмыстарды уақтылы және сапалы орындау;
- бағдарламалық қамтамасыз етуді, антивирустық бағдарламаларды орнатуды, кеңсе техникасына шамалы жөндеу жүргізе отырып, арматураларды, автоматтандырылған жүйелерді орнатуды ұйымдастыру;
- картридждерді жөндеу және толтыру бойынша шарттар жасасуды және орындауды, филиалдың электрондық поштасымен сүйемелдеуді жүзеге асыру. Қаржыландыруға өтінімдерді ресімдейді және келіседі;
- компьютер пайдаланушыларының жұмысын тексеру үшін тексерулер жүргізу;
- жаңа бағдарламалық кешендердің пайдалануға берілуін бақылау;
- деректерді берудің корпоративтік желісі бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
- сектор қызметкерлері өзінің өндірістік қызметінде пайдаланатын секторларға бекітілген техникалық құралдардың дұрыс пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;
- жаңа әзірлемелер мен міндеттерді енгізуді бақылау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Ақпараттық жүйелер; Автоматтандыру және басқару; Автоматика, телемеханика және байланыс; Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Математикалық және компьютерлік модельдеу; есептеу техникасы мен автоматтандырылған жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз ету; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Экономика және менеджмент; бухгалтерлік есеп және аудит; Стандарттау және сертификаттау
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл, ақпараттық технологиялар саласында сертификатталған оқытудың болуы және/немесе теміржол көлігінің Ақпараттық есептеу жүйелері саласында жұмыс өтілі 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар