"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС - "БП Алматы бөлімшесі"филиалының Алтынкөл шекара станциясындағы вагондарды беру пункті бастығының орынбасары

349781 - 365068
СТАНЦИЯ АЛТЫНКОЛЬ (ДС Алтынколь) Пиджім а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
124

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Пайдаланылатын ақпараттық жүйелердегі нормативтік-анықтамалық ақпараттың дұрыстығына бақылау жүргізеді, сәйкессіздіктер анықталған немесе өзгерістер енгізілген жағдайда Серіктестікке ұсыныстарды уақтылы жолдауды қамтамасыз етеді.
  • Серіктестік декларациялаған шетелдік көлік құралдарын уақытша әкелу мерзімдерін енгізу бойынша мемлекетаралық түйісу пункттерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады, мемлекеттік кірістер органдарында уақытша әкелу мерзімдерін уақтылы ұзарту және өзгертілген деректерді Серіктестік ң ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
  • Пойыздарды қабылдау және тапсыру жөніндегі хабарламаларды беру кезінде толық әрі шынайы ақпараттың енгізілуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекетаралық түйісу пункттерінің жұмысын бақылайды.
  • Басқа мемлекеттерге тиесілі вагондардың филиал шекарасы шегінде болуын бақылауды жүзеге асырады және олардың уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді.
  • ҚХР бағыты бойынша пойыздарды қабылдау және тапсыру жұмыстарын ұйымдастырады және олардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.
  • Кураторлық ететін филиал шегінде электрондық құжат айналымын жетілдіру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.
  • Селекторлық кеңестерге қатысады, цифрландыру, өндірістік қызметті автоматтандыру, пайдалану және тасымалдау процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мәселелері бойынша талдамалық материалдар дайындайды.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе аспирантура)
  • Мамандығы: Тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдалану; Теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық жұмыстар.
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл, оның ішінде 2 жыл аға жүк тасымалдаушысы лауазымында кассир, тауар кассирі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр