«Теміржолсу-Қостанай» ЖШС өндіріс жөніндегі директорының орынбасары
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Кәсіпорын қызметін жоспарлайды, жұмыс жоспарларын әзірлейді және бекітеді, кәсіпорын қызметінің нысаналы көрсеткіштерін айқындайды;
- кәсіпорынның жоспарларын орындау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және ЖШС барлық учаскелерінің қызметін үйлестіреді;
- лауазымдық міндеттері шегінде жергілікті нормативтік құжаттарды әзірлейді;
- жоспардан ауытқуларды қадағалайды, оны түзетеді және жобаның барлық қатысушыларымен келіседі;
- тұтынушылардың, жеткізушілердің шағымдарын қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды;
- үнемді өндірістің әдістері мен құралдарын ЖШС-ға енгізу және қолдау бойынша қатысады;
- жетекшілік ететін Атырау учаскесінің жұмысын бақылайды және үйлестіреді;
- жетекшілік ететін ЖШС учаскелерінің басшыларын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша мерзімді тыңдаулар өткізуге қатысады;
- белгіленген тәртіппен: қозғалыс қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдерді сәйкестендіруді, бағалауды және оларды учаскелерде басқаруды қамтамасыз етеді;
- еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалар бойынша қызметтік тергеу мен талдау жүргізеді.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандағы: Су ресурстары және суды пайдалану саласындағы; Жылу энергетикасы, Көлік, көлік техникасы және технологиялары (Вагондар, Локомотивтер және электр жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Құрылыс (Темір жол құрылысы; жол және жол шаруашылығы); Өнеркәсіптік-азаматтық құрылыс; Машина жасау (Технологиялық машиналар мен жабдықтар) Инженерлік жүйелер; Экология; Жылу энергетикасы; Көлік, көлік техникасы және технологиясы
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 7 жыл, оның ішінде қызмет бейіні бойынша басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар