Жетекші бухгалтер ф.н. "Ақтау халықаралық теңіз сауда порты "ҰК" АҚ Бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті

от 561449
АО «НК «Актауский морской торговый порт» Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
102

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • 1С ақпараттық дерекқорына деректерді енгізеді, деректерді өңдеу кезінде қолданылатын анықтамалық және нормативтік ақпаратты қалыптастырады және оған өзгерістер енгізеді;
  • БҚ (первичные документы) бухгалтерлік есепке қабылдайды, оның ішінде: БҚ-ны жасайды (ресімдейді) және қабылдайды; шаруашылық операциялардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында БҚ-ны тексереді; БҚ нысаны бойынша деректемелердің дұрыстығы мен толықтығын тексереді, атап айтқанда, құжатты жасаған тұлғалардың қолдарының түпнұсқалығын анықтайды;
  • құжат нысанында көзделген барлық міндетті деректемелер мен акцептінің болуын анықтайды, түзетулер мен қателерді (жойылмаған немесе дұрыс енгізілмеген түзетулерді) анықтайды және т.б.;
  • БҚ-ға арифметикалық тексеру жүргізеді, есептеулердің, қорытындылардың, пайыздардың дұрыстығын тексереді және т.б.; дұрыс ресімделмеген және түзетуді қажет ететін БҚ-ны оларды жасаған және қол қойған тұлғаларға қайтарады; қолданыстағы заңнама мен белгіленген тәртіпке қайшы келетін операциялар бойынша БҚ-ны қайтарады;
  • есеп учаскесі бойынша барлық көзделген БҚ түпнұсқаларының болуын қамтамасыз етеді, оларды істерге жинақтап, кейін архивке өткізеді;
  • бухгалтерлік есеп объектілерін ақшалай өлшеуді және шаруашылық қызмет фактілерін ағымдағы топтастыруды жүзеге асырады; оның ішінде бухгалтерлік есепте НМА (материалдық емес активтер), НҚ (негізгі құралдар) және ААҚ (аяқталмаған құрылыс), қорлар бойынша операцияларды көрсетеді; бухгалтерлік есеп объектілерін қайта бағалау нәтижелерін, шетел валютасындағы активтер мен міндеттемелер құнын теңгемен қайта есептеуді жүргізеді; шаруашылық қызмет фактілерін қорытындылайды: бухгалтерлік есеп шоттары бойынша айналымдарды жабады; талдамалық есеп деректерінің синтетикалық есеп шоттары бойынша айналымдар мен қалдықтарға сәйкестігін бақылайды;
  • есепті кезең бойынша бухгалтерлік есеп регистрлерін жүйелендіреді және қалыптастырады; есептілікті жасайды: айды жабу жөніндегі регламенттік операциялардан кейінгі деректерді тексереді, есеп учаскесі бойынша ведомстволық есептіліктің кестелері мен түсіндірмелерін қалыптастырады; өзара байланысты деректерді салыстырады; қаржылық есептіліктің құрамына кіретін есептердің сандық көрсеткіштерін қалыптастырады; есептердің дұрыс қалыптасуын есептік және логикалық тұрғыда тексереді; қаржылық есептілікке түсіндірмелер дайындайды;
  • статистикалық есептілікті Статистика департаментіне ұсыну үшін (1-ТС, 11 нысандары) қалыптастырады; НМА, НҚ және ААҚ есебін жүргізеді, оның ішінде: НМА, НҚ және ААҚ бойынша операцияларды бухгалтерлік және салық есебінде шынайы және уақтылы көрсетеді; НҚ мен НМА-ны сату кезінде және салық заңнамасында көзделген өзге жағдайларда ҚҚС бойынша операцияларды есепте көрсетеді; ААҚ объектілерін қалыптастыруды талдайды; ай сайынғы амортизация есептегеннен кейін НҚ мен НМА-ның баланстық құнын талдайды; 1 қазанға НҚ мен НМА бойынша жыл сайынғы талдау жұмыстарын бастамалайды; олардың пайдалану мерзімі қайта қаралған жағдайда 1С базасында НҚ мен НМА пайдалану мерзімдерін енгізеді; келіп түскен негізгі құралдар мен материалдық емес активтер бойынша құқық белгілейтін және растайтын құжаттар топтамасын қалыптастырады.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Саладағы мамандығы: Есеп және аудит; экономика; қаржы.
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 4 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр