«QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы экономика және тарифты қалыптастыру бөлімінің жетекші маманы
"QazaqGaz Aimaq" АҚ Түркістан өндірістік филиалы Түркістан қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Құрметті ізденуші!
Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.
Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
- Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
- Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
- Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.
Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.
Міндеттері:Тауарлық газды өткізу бойынша жабдықтау үстемесінің орындалуы туралы есептерді қалыптастыру оларға растайтын және негіздейтін есептерді дайындау.
Қолданыстағы бағалар (Тарифтер) бөлігінде тұтынушыларға тауарлық газ жеткізу шарттарын тексеру.
Филиалдың алдағы кезеңге (1 жылға) арналған бюджетін қалыптастыру үшін бастапқы деректерді дайындау, оған есеп айырысулар мен растайтын құжаттарды, сондай-ақ бюджетті түзету үшін есеп айырысулар мен растайтын құжаттарды дайындау
Филиалдың өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметінің нәтижелеріне экономикалық талдауды жүзеге асыру.
Материалдарды тұтынудың техникалық және технологиялық нормаларының есептеулерін дайындау.
Жоспарлы және есептік құжаттаманы жетілдіруге қатысу.
Орындалатын жұмысқа қатысты арнайы әдебиеттерді зерттеу.
Филиалдың ақша қаражаттарының қозғалысының ай сайынғы жоспарын жасау және оны түзету.
Тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге ақы төлеу үшін филиалды қаржыландыруға өтінімдер қалыптастыру.
Тауарлық газды өткізу бойынша бағалар, көлемдер мен кірістер туралы мәліметтерді дайындау және оларды уәкілетті органға одан әрі ұсыну үшін қоғамдарға жіберу.
Кіріс құжаттаманы өңдеуді және келісуді жүзеге асыру, тіркеу карточкасында көрсетілетін және жүйеде сақталатын қарар жүйесіне енгізу.
Шығыс құжаттамаға (шарттарға, қызметтік жазбаларға, бұйрықтар мен өкімдерге) электрондық келісуді, бұрыштама қоюды және қол қоюды жүзеге асыру.
Кіріс және шығыс құжаттардың, бұйрықтардың, өкімдердің, қызметтік жазбалардың мазмұны мен орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Белгіленген нысандар бойынша міндетті статистикалық есептілікті жасау және оны белгіленген мерзімде тапсыру.
Талаптар:
Білімі – жоғары экономикалық, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;
Бизнес-жоспарлау, бюджеттеу, бухгалтерлік есеп негіздерін білу;
Бағдарламалық қамтамасыз етуді білу: Microsoft Word, Microsoft Excel, «1С:Бухгалтерия» жүйесі.
Қажетті қабілеттер
- *Финансово-экономический анализ и моделирование на уровне отрасли, предприятия и экономики в целом
- Аккуратность, пунктуальность, ответственность
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)
Ұқсас вакансиялар
«KTZ Express» АҚ - «KTZE Commerce» филиалы (Алматы қ.) персоналмен жұмыс бөлімінің бастығы
филиал АО «KTZ Express» - «KTZE Commerce» | Еңбекпен толық қамтылу
| Алматы қ.
26.02.2026 | 313
от 634051
"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "магистральдық желінің Павлодар бөлімшесі"филиалының жетекші Еңбек және жалақы инженері
Павлодарское отделение магистральной сети | Еңбекпен толық қамтылу
| Павлодар облысы
26.02.2026 | 696
409129 - 423515
Жетекші менеджер (уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру кезеңінде).
«Taý-Ken Samuryq» Ulttyq tay-ken kompaniyasy» акционерлік қоғамы | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
26.02.2026 | 407